ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов 2037 әскери бөлімінде болып, шекарашыларды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекелерімен құттықтады.
Темірдей әскери тәртіп пен жылдамдықты, шыдамдылық пен отансүйгіштікті, алғырлық пен жауапкершілікті бір арнаға тоғыстырған мамандық иелерінің тыныс-тіршілігімен, қару-жарақтарымен және әскери техникалардың жай-күйімен танысты. Сонан соң жеке құраммен кездесіп, мерекемен құттықтады.
«Отанді сүю – иманнан» деген аталы сөз ұлттың амандығын, елдің тыныштығын сақтауда ат үстінде ұйықтамай ұлтына қорған болатын өздеріңіздей азаматтарға қарата айтылған болса керек. Баршаңызды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғауда еңбектеріңіз орасан.
Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Жауапты қызметтеріңізде қашан да табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын!» деген аудан басшысы бірқатар шекарашыларға өз атынан алғыс хаттар табыс етті.
Шара соңында 2037 әскери бөлімінің бастығы Серік Үсенұлын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
05.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5230
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5390
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20353
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18989
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22453