ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
«Жол қадірін жортқан білер» демекші, тозығы жеткен жолдар –тұрғындарының жиі көтеретін өзекті проблемаларының бірі. Аудан әкімінің қабылдауында болған азаматтардың басым бөлігі де ауылішілік жолдар жөнделсе деген өтініштерін жеткізіп жатады. Осыған орай ауылдың еңсесін көтеру, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Қордай ауданындағы бірқатар елді-мекенде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жуырда Жамбыл, Жаңатұрмыс ауылдарындағы ауылішілік жолдар орташа жөндеуден өтті. Жергілікті әкімдіктің мәліметі бойынша, жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарына 279 млн 880,5 мың теңге қаржы бөлініп, ашық конкурс арқылы «DAUREN BUILD» ЖШС - гі жеңімпаз атанып, келісімшарт жасалып, бүгінде жұмыстар толығымен аяқталды. Нәтижесінде жалпы Жамбыл ауылдық округі бойынша жақсы жағдайдағы ауылішілік жолдардың үлесі 94 % құрап отыр.
Сонымен қатар Бетқайнар ауылындағы негізгі көшелердің бірі Қожантаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде 3,420 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары аяқталған. Айта кетейік, жөндеу жұмыстарына 83.164,0 млн. теңге қаржы бөлініп, оны мердігер компания «Ақжол сервис 2030» ЖШС жүргізген.
Жаңартылған әрі сапалы жолдар ауылдардың көркін одан әрі айшықтай түскені рас. Бұл іске тұрғындар да дән риза. «Біздің көше ауылдағы маңызды көшелердің бірі, халық көп жүреді. Балалар да енді теп-тегіс жолмен мектепке алаңсыз барып келетін болды. Бәріміз қуаныштымыз, ауылымыз көркейе берсін. Расында, еліміздің өркендеуі осындай шағын елді мекендердің көркеюінен бастау алады ғой», - дейді Бетқайнар ауылының тұрғыны А.Джабарова
Қордай ауданы
06.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 95
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 95
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9116
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9508
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722