ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

 ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Түркістан облысында ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған ірі жобалар легі жалғасуда. Ордабасы ауданындағы Шұбарсу елді мекенінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жылыжай кешені жүзеге асырылуда. 7,5 гектар жерді қамтитын жобаның жалпы құны 250 млн теңге. Бүгінде онда 0,18 гектарға қияр жерсіндіріліп, алғашқы агротехникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда өсірілетін қияр мен қызанақ ішкі нарыққа шығарылатын болады. Ол жергілікті базарлар мен басқа да сауда орындарына жеткізіледі.

 

 Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған жылыжай кешенінің құрылысымен арнайы танысып, жауапты тұлғалармен кездесті. Ол кешен құрылысының және ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тартудың маңызын атап өтті.

 – Жылыжай шаруашылығы – экономикалық тұрғыдан тиімді әрі табысты сала. Мұндай жобалар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартып, облыс экономикасына серпін береді. Біз кәсіп бастаймын деген азаматтарды барынша қолдауға дайынбыз, – деді облыс бсшысы. 

Бұл жоба тұрғындарды жұмыспен қамту, өңір экономикасын әртараптандыру және жергілікті өнім өндірісін арттыру бағытында қызмет ететін болады. Оның жұмысына қызығушылық танытқан 30 азамат «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржылай қолдауға ие болды. Олардың 20-сына жалпы көлемі 167 млн теңге несие рәсімделген. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын ашып, табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 Жоба аумағы 42 учаскеге бөлінген. Оның 17-сінде жылыжай құрылысы аяқталған. Осының ішінде 3 учаскеде қажетті құрал-жабдықтар орнатылып, толық іске қосуға дайын тұр.

Шадияр МЕКЕНБАЙҰЛЫ
19.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 178
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 314
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 171

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18112
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17974
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33161
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31712
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35401