tengrinews.kz сайтынан

Депутаттардың жалақысының өскенін естіп, оған наразылық білдіріп жатқандар арасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, әйелдер мен балалар, жастар мен зейнеткерлер қарасы мол. Олардың  мемлекеттен алатын жәрдемақысына көңілі толмайды. Ол негізсіз де емес. Мәселен, 2017-2019 жылдарға қабылданған бюджетке сәйкес, мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақының мөлшері:

бірінші топтағы мүгедектерге – 43 538 теңге,

екінші топтағы мүгедектерге – 33 999 теңге,

үшінші топтағы мүгедекке – 23 970 теңге.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы:

бір балаға – 21035 тенге,

екі балаға – 36444 теңге,

үш балаға – 45250 теңге,

төрт балаға – 47940 тенге,

бес балаға – 49652 теңге.

Алты немесе одан да көп балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,61 тең үлесі  – 51609 теңге. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер мен үй шаруасындағы әйелдерге бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері (бірінші, екінші және үшінші бала үшін) 71270 теңгені құрайды. Ал төртінші және одан кейінгі балалар үшін 118 783 теңге беріледі. Еліміздегі кәмелет жасына толмаған төрт немесе одан көп балалары бар отбасылар ай сайын 9440 теңге (4,16 АЕК) алады. «Алтын алқа» (7 және одан көп балалары бар) және «Күміс алқа» (6 және одан көп балалары бар) аналардың ай сайынғы жәрдемақысы 14522 (6,4 АЕК) теңгені құрайды. Еске сала кетсек, биыл күн көрістің ең төменгі деңгейі 24 459 теңге болып бекітілді. Зейнетақы 28 148 теңгені, базалық зейнетақы көлемі 12 802 теңгені құрайды. Енді осы сомаларды депутат жалақысымен салыстырып көріңіз. Бұл айтуға ғана оңай…

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз