КТК арнасы: «Ақтөбелік адвокат Нұрбибі Есмағанбетова тек орыс тілінде жазылған адвокаттар алқасының жаңа жарғысын талқылау жиынында ана тілінде пікірін білдіре алмаған. Әйел құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасын сұрағанымен, оған ешкім мән бермеген. Өзгенің құқығын қорғап жүрген жан қазір өз құқығының тапталғанына күйініпті», — деп хабарлайды.

Жарғының тек ресми тілде әзірленгенін президиум төрайымы да растап отырған көрінеді. Адвокаттық істердің барлығын қазақ тілінде жүргізетін Нұрбибі Есмағанбетова енді өзінің әріптестерінің үстінен сотқа арыз бермек. Өйткені, облыстық адвокаттар алқасы жаңа жарғыны тек ресми тілде әзірлеп, жиын кезінде оны қазақша талқылауға қарсы болған. Нұрбибінің өзі: «Тіл туралы заң бойынша жарғы әуелі қазақ тілінде, яғни мемлекеттік тілде дайындалуы керек. Содан кейін барып, ол өзге тілдерге аударылуы тиіс. Осы заңсыздықтар бұзылғаннан кейін осындай әрекетке баруға мәжбүр болып отырмын»,— дейді. Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрайымы Раиса Якубенко: «Иә, мемлекеттік тілде жарғы болған жоқ. Біз бұлай біреуді кемсітуді көздемедік. Егер Нұрбибі Абдуллақызы ертерек өтініш білдіргенде, аударып берер ме едік?»— дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз