Жастар алдында су үнемдеу мәселесін көтерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан, өкінішке қарай, су тапшылығы бар ел. Бізге бұл проблемамен мұқият айналысу керек. Экология, табиғи ресурстар және геология министрлігі мен жалпы үкімет алдына су саясатына қатысты міндеттер қойылған. Бізге суды үнемдеуге қатысты жаңа тәсілдер мен жаңа технологиялар енгізу қажет. Біртіндеп суды көп қажет ететін өндірістерден құтылуымыз керек. Көрші мемлекеттермен трансшекаралық өзендердің суын рационалды пайдалану мәселесі дипломатиялық жолмен шешіліп жатыр. Индустриализациямен белсенді айналысатын мемлекеттер суды көп мөлшерде пайдаланғысы келеді. Өкінішке қарай, трансшекаралық өзеннің барлығы Қазақстанға қарай ағып жатыр. Яғни, өзендердің бастауы шекаралас елдерде, ал сағасы бізде орналасқан. Сол себепті біз географиялық жағдайды ескеріп, тиісті келіссөздер жүргізуіміз керек», – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.