Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той ойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін.

Ұлттық болмыстың үлгісі. Жаңғыру — өткеннен қол үзіп, тек жаңа қүұндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл — ұлттық мұраларымызды бүгінгі ой үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осмыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренуін жан тәнімен қалады. Ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет. Біздің міндетіміз — осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу

 Ол үшін білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы — осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Кез келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу — бәріміздің міндетіміз. Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі — тіл үйрену. Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор. Қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Әлем күн с айын емес, сағат сайын өзгеруде. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен озып, заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Абайды тану — адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беру — кемелдіктің көрінісі. Интелектуалды ұлт дегеніміз де — осы. Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы — парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі.

Мемлекет ісінің мүдделесі. Біз егеменді ел ретінде өсіп-өркендеуіміз үшін мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек. Заң үстемдігін және қоғамдық тәртіпті сақтау баршаға ортақ міндет. Халықтың билікке деген құрметі болмаса — елімізге сын. Ұлы ақын өзінің шығармаларында елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктетті. Ол әділетті қоғам құру идеясын көтерді. Демес, Абайдың көзқарастары XXI ғасырдағы Қазақстан қоғамы және оның береке-бірлігі үшін аса құнды. Билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог мемлекетке деген сенімді нығайта түседі. Үкімет мүшелері, министрлер мен әкімдер мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар мәселелерге қатысты шешім қабылдаған кезде азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін ескеруі керек. Абай шығармаларында меритократия мәселесіне де айрықша мән берген. Ол адамды мәртебесіне қарай емес, талабы мен еңбегіне қарап бағалаған.   Бізге, Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді зор санау, дау қуу әсте жараспайды.  Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық.

Жаң қоғамның жанашыры. Жаңа Қазақстанның өзегін жаңа қоғам құрайтыны анық. Бұл ретте, ең алдымен, ұлтымыздың қадір-қасиетін арттырып, халқымыздың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіруге баса мән беруіміз керек. Сондай-ақ қоғамның дамуына кедергі келтіретін, береке-бірлігімізге іріткі салатын жағымсыз қасиеттерден арылу қажет. Әлеуметтік жауапкершіліктің орнына келуі оңай шаруа емес. Осы күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн. Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек»,— де, адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек, жылы жүрек керек деп, алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деген. Бұл — қазақ халқының өмірлік философиясы. Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» — деген қазыналы ойлыр бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек.

Әлдемік мәдениеттің тұлғасы. Өзгелер сияқты қазақ жұрты да шоқтығы биік, біртуар перзенті Абайын мақтан тұтады. Өйтккені, ғұлама Абай — қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деген ой-тұжырымдар Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Абайдың «кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылған. Оның қара сөздерінің арқауы — кісілік, мәдениет, ізгілік. Абай қара сөздерінің басты миссиясы — ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты ұстанымға айналдыру. Біз шетелдіктердің бәрі Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. ӨЗге жұрт «Қазақ халқы — Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық. Абайдың ғибратты ғұмыры мен шығармашылығы — қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Оның мұрасы — бүкіл адамзат баласының рухани азығы.  

      Торқалы тойдың тағлымы. Биыл Абай Құнанбайұлы-ның туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісіімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.  Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан, елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай, шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Сонымен қатар, ұлы ақынның 175 жылдығы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебай абаттандырылады. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыруды тапсырамын. Бұдан бөлек, Жидебайда мұражайға арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу қажет. Сондай-ақ, 1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негізін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шғырмалары бүгн де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның мұрасы — біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашан да рухани азық бола алады. Абай арманы — халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі XXI ғасырдағы жаңа Қазақстанды биіктерге жетелейді.

Ықшамдап дайындаған — Ермек Сахариев

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз