Биылдан бастап еліміздің медицина саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Жаңа бағдарлама аясында халықты салауатты өмір салтына бейімдеу үшін қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жаңғыртылатын болады.

ҚР Премьер-Министр Асқар Маминнің айтуынша, жаңа бағдарлама алдымен медициналық көмек сапасын арттыру, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құруды аяқтау бойынша шаралар қамтиды. Ол үшін ауруларды ерте анықтауға ынталандыру мақсатында емханалар мен ауруханаларды қаржыландыру жетілдірілетін болады. Барлық өңірлерде медициналық қызмет көрсетудің жаңа технологиялары енгізіліп, озық тәжірибе негізінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің орталықтарын дамыту қолға алынады. Асқар Мамин: – aлғаш рет салаға 2,8 трлн теңге қаржы бөлу жоспарланған, соның ішінде, 2,2 трлн жеке инвестициялар. Осы қаражат есебінен 431 денсаулық сақтау объектісі салынады, оның ішінде 10 мың орынға арналған, халықаралық деңгейдегі 19 көпсалалы аурухана мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы салынады. Бұл ауруханалардағы емдеу орындарын 50%-ға ұлғайтуға, медициналық нысандарының тозуын 56%-дан 38%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді, – деді А. Мамин.
Премьер-Министр осы шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және ауру-сырқаудың деңгейін азайтуға және қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз