Сақтансаң – сақтайды Әскериқызметшілергекоронавирустен сақтанушараларытүсіндірілді

0
359

 

Қытайдың Ухуань қаласынан кенеттен шығып, бүкіл әлемге тарала бастаған коронавируске қарсы сақтық шаралары Қазақстандада күшейтілуде. Осыған орай, Радиоэлектроника  және байланысәскери-инженерлік институтының әскериқызметшілеріне қауіпті індеттің таралу жолы, оның симптомдары мен одан сақтану шаралары түсіндірілді.

«Тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыру арқылы адамнан адамға жылдам берілетін бұл жұқпалы вирус – жаңа коронавирус індетінің қоздырғышы болып табылады. Қазіргі таңда тарап жатқан  вирус инфекциясы әлі толық зерттеліп біткен  жоқ, түрлі сынақтар жүргізіліпжатыр, әзірше оған қарсы дәрі де, вакцина да жоқ», – деді Алматы қалалық №15 емханасының эпидемиолог дәрігер іЖадыра Райханова.

Дәрігердің айтуынша, бұл респираторлық инфекция ауамен таралады, тыныс алу жолдары арқылы, сондай-ақтүшкіргенде, жөтелгенде, осы сырқатты жұқтырған адамды ұстағанда жұғады.

Медицина маманыныңа йтуынша бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирусты қинфекцияның жұғуынан сақтанаалады. Айтап айтқанда қолды жи ісабындап жуу, медициналық маска тағып, оны 2 сағат сайынауыстырыпотыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүтөнімдерін, шала піскен еттағамдарын жемеу.

«Кәсіби медицина маманыншақырып, кездесу өткізу арқылы әскери институттың жеке құрамына қауіпті індеттің белгілері, таралуы туралы толық ақпарат бердік. Аталған індетке қарсы сақтық шараларымен таныстырдық. Әр адам өзиммунитетін көтеріп, жеке бастың гигиенасын сақтау арқылы кезкелген аурудың алдыналады», -деп мәлімдеді әскери институттың  медицина  қызметінің бастығы майор  ҒалымТашимов.

Шара соңында әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

Кристина Новикова,

майор,

Алматы қаласының

Қорғаныс істері жөніндегі

Департаментінің Баспасөз хатшысы.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.