Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі көктемгі дала жұмыстарына деген дайындық барысы және ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жобаның жүзеге асу жайы қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеевтің айтуынша, көктемгі егістікке қажетті дәнді масақ тұқымдарының тиісті көлемі әзірленіп үлгерілген. Сондай-ақ, картоп 90 пайыз, майлы дақылдар 88,7 пайыз, қолданыстағы 8,4 мың бірлік ауыл шаруашылық техникасы 98 пайызға дайындалған. Сонымен қатар, 18,3 мың тонна дизель отынын арзандатылған бағамен жеткізу наурыз айында басталады деп күтілуде. Ол ғана емес, өнімділікті арттыру мақсатында 25,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылмақ.
Бердібек Сапарбаев жақсы өнім алу үшін сапалы тұқым дайындау мен егудін маңыздылығын атап өтті.
– Тұқым сапасы – мол өнім алудын басты өлшемі. Сондай-ақ тиісті техниканы, қажетті отын мен тыңайтқыштарды дайындауға аса назар аудару қажет. Біз егіс алқаптарын рентабельді дақылдардың пайдасына әртараптандыруға тиіспіз. Әсіресе, қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөністер мен бақша дақылдарын көбірек өсіруге ден қойған абзал, – деді облыс әкімі.
Шекара маңындағы аудандардың қажеттіліктеріне көңіл бөліп, маусымдық кезеңде су тапшылығы туындамас үшін қырғыз көршілерімен алдын-ала келіссөздер жүргізу қажет.
– Аудандардағы жұмыс сапарымда тұрғындардың дені бос жерлердің жоқтығын айтып шағымдануда. Сондықтан да, ең алдымен талдау, түгендеу жұмыстарын жүргізіп, пайдаланусыз жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды ауыл шаруашылық мақсатында айналымға енгізу негізгі міндет болып отыр, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Басқосу барысында келесі мәселе – тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсартудың пилоттық жобасы болды. Бүгінде жоба аясында 5,4 миллиард теңгеге 1,7 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды. Одан бөлек тағы 664 өтінім «Тараз» ӘКК-мен қаралуда десек, олардың қорытындысы 10 наурызға дейін белгілі болады. Мұратхан Шүкеев жобаның барлық бес бағыты аясында облыс бойынша таңдалып алынған пилоттық 11 ауылдық округтегі аулалардың 88 пайызы қатысып жатқанын жеткізді.
Бұл қанатқақты жобаның тек облыс ғана емес, сондай-ақ барша еліміздің тұрғындарының тұрмысын арттыру жолындағы маңыздылығын тілге тиек еткен Б.Сапарбаев жергілікті жерлердегі әкімдер ұтымды ұйымдастыру жұмыстарын күшейту керектігін жеткізді. Осы орайда аймақ басшысы кепіл құжаттарының қаралуына көп уақыт кетіп отырғанын, мал сатып алуға бөлінген 5,3 миллиард теңгенің бүгінге дейін тек 2,2 миллиард теңгесі ғана игерілгенін айтты.
Облыс әкімі әрбір елді мекенде жобаны іске асыруға арнайы жауапты адамды бекіту керектігін тапсырды. Облыс әкімінің орынбасарлары Мұратхан Шүкеев пен Нұржан Қалендеровке көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін, яғни 10 наурызға дейін өтініш берушілердің құжаттарынтолық рәсімдеп, несиелендіру, жер телімдерін беру, мал мен техниканы сатып алу бойынша іс-шараларды аяқтау тапсырды.
– Пилоттық жобаның басты мақсаты – халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Жалпы алғанда, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өткен жылдың есепті кезеңіндегі деңгейден төмен болмауы тиіс, – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі «Тараз » химия паркі» АЭА-ның дамуына, шағын несиелер мен гранттар көлемін арттыруға, АӘК алушылар санын нақтылауға, МӘМС жүйесін сапалы енгізуге, спорт нысандарының толық жүктемесінде жұмыс жасауына, шекарадағы бақылау шараларын күшейтуге және тұрақты түрде облыс аудандарының күндерін өткізіп отыруға назар аудартты.
Кеңесті қорытындылай келе, аймақ басшысы атқарушы органдардың негізі қызметі Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел және мұқият ден қоюға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

___________________________

Подготовку в весенне-полевым работам обсудили в акимате области
В ходе аппаратного совещания под председательством акима области Бердибека Сапарбаева рассмотрены вопросы подготовки к весенне-полевым работам и реализации пилотного проекта по повышению доходов сельчан.
По словам заместителя акима области Муратхана Шукеева, ключевые аспекты подготовки к весеннему севу выглядят следующим образом: заготовлен необходимый объем семян зерновых колосовых, 90% – картофеля, 88,7% – масличных культур; готовность 8,4 тысячи единиц сельхозтехники на уровне 98%; поставка 18,3 тысячи тонн удешевленного дизельного топлива начнется в марте; из местного бюджета будет выделен 1 млрд. тенге на приобретение 25,7 тысячи тонн минеральных удобрений.
Бердибек Сапарбаев отметил важность заготовки и использования качественных семян для получения качественного урожая.
– Качество семян – главный критерий для получения хорошего урожая. Также необходимо уделить внимание подготовке техники, топлива и удобрений. Мы должны диверсифицировать посевные площади в пользу рентабельных культур, больше выращивать сахарной свеклы, масличных культур, овощей, бахчевых, – расставил приоритеты аким области.
Необходимо провести переговоры с кыргызскими соседями на предмет предоставления воды в вегетативный период для нужд приграничных районов.
– Во время объездов районов люди повсеместно жалуются на отсутствие свободных земель. Поэтому главная на данный момент задача – провести инвентаризацию, вернуть государству неиспользуемые наделы и вовлечь их в сельскохозяйственный оборот, – акцентировал глава региона.
В рамках пилотного проекта повышения доходов профинансировано более 1,7 тысячи заявок на 5,4 миллиарда тенге. Еще 664 рассматриваются в СПК «Тараз», результаты будут известны до 10 марта. Муратхан Шукеев дал полный расклад по всем пяти направлениям проекта, в котором принимают участие 88% дворов 11 сельских округов области.
Проект очень важен для развития не только области, но и страны, однако акимы на местах не могут наладить эффективную организационную работу, считает Б. Сапарбаев. Много времени отнимает рассмотрение залоговых документов, освоено лишь 2,2 млрд. тенге из выделенных на закуп скота 5,3 млрд. тенге.
Аким области поручил за каждым населенным пунктом закрепить ответственного за реализацию проекта. Заместителям акима области Муратхану Шукееву и Нуржану Календерову поручено завершить мероприятия по оформлению документов заявителей, выдаче кредитов, земельных наделов, покупке скота и техники до начала весенних полевых работ, то есть до 10 марта.
– Пилотный проект задуман для решения главной задачи – повышения доходов населения и снижения уровня безработицы. В целом итоги социально-экономического развития региона по итогам первого квартала должны быть не хуже прошлогоднего показателя, – поставил задачу глава региона.
Также аким области акцентировал внимание на развитие СЭЗ «Химпарк «Тараз», увеличение объемов микрокредитов и грантов, уточнение количества получателей АСП, качественное внедрение системы ОСМС, полную загруженность спортивных объектов, ужесточение контроля на границе и проведение регулярных дней районов области.
Кроме того, аким региона подчеркнул, что деятельность исполнительных органов должна быть направлена на реализацию озвученной Главой государства в Послании народу страны концепции «Слышащего государства», оперативное и эффективное реагирование на обращения граждан.

Пресс-служба акима Жамбылской области

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз