” Біз елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін әріптестік және өзара тиімді қатынастарды нығайтуға ұмтылуға тиіспіз. Бауырлас мемлекеттердің қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенімім мол”,-деді Мұса Ерниязов. Кездесу барысында сауда- саттық, экономикалық, мәдени қарым- қатынастар жайы талқыланды.
“Қазақстан мен Өзбекстан бауырлас мемлекеттер болып табылады, бізді ортақ түркі тамыры, рухани мұра біріктіреді.
Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі.2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналым 29,7 млн. АҚШ долларын құрады”-деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Бұдан соң, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов пен Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесінің орынбасары Инвестиция және сыртқы сауда министрі Бақытжан Хабибуллаев экономикалық әріптестікті нығайту жөніндегі меморандумға қол қойды.










Өңір басшысының жұмыс сапары И.В. Савицкий атындағы мемлекеттік өнер музейінде жалғасты. Мұнда Қ.Жұбанов және С.Бәйішов университеттерінде білім алып жүрген студенттермен және Нүкіс қаласында тұратын қандастармен кездесті. Айта кететіні, қалада 300 мыңнан аса қазақтар тұрады. Өңір басшысы Ақтөбе өңірінің экономикалық потенциалын, атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.
Жиыннан соң облыс әкімі бастаған делегация музейді аралады. Аймақ басшысы мұражай альбомына тілек жазып, қолтаңбасын қалдырды.
Музей ғимараты 1966 жылы бой көтерген.Шамамен 100 мың тарихи коллекциялардан тұратын Орталық Азиядағы үлкен мұражай саналады.
24 февраля аким Актюбинской области Ондасын Уразалин прибыл в город Нукус, где встретился с председателем Жоғары Кеңес Республики Каракалпакстан Мусой Ерниязовым.
В ходе встречи были обсуждены вопросы торгово – экономических, культурных отношений.
“Мы должны стремиться к укреплению партнерских и взаимовыгодных отношений на благо наших стран и народов. Я убежден, что в дальнейшем отношения между народами, нашими государствами будут только укрепляться», – сказал Муса Ерниязов.
“Казахстан и Узбекистан являются братскими государствами, нас объединяют общие тюркские корни, духовное наследие.
Узбекистан является важным политическим и экономическим партнером Казахстана в Центрально-Азиатском регионе. По итогам 11 месяцев 2019 года товарооборот между Актюбинской областью и Республикой Узбекистан составил 29,7 млн. долларов США”, – отметил аким области Ондасын Уразалин.
Заместитель акима Актюбинской области Кайрат Бекенов и заместитель Совета Министров Республики Каракалпакстан, министр по инвестициям и внешней торговле Бакытжан Хабибуллаев подписали меморандум об укреплении экономического сотрудничества.
Актюбинская делегация посетила государственный музей искусств им. И. В. Савицкого, где встретилась со студентами, обучающимися в университетах им. К. Жубанова и С. Баишева, а также с соотечественниками, проживающими в г. Нукус. Стоит отметить, что здесь проживают свыше 300 тысяч казахов.
Глава региона рассказал об экономическом потенциале, принимаемых мерах по социально-экономическому развитию Актюбинской области.
Делегация также посетила крупнейший музей Центральной Азии, он был построен в 1966 году и насчитывает почти 100 тысяч экспонатов.