Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен бір аптаға созылған Азия біріншілігі аяқталды. Аталған құрлықтық додадан күрестің үш түрінен (грек-рим, еркін және әйелдер күресі) Қазақстан құрамасы 19 медаль (5 алтын, 2 күміс, 12 қола) жеңіп алды. Әуелі жарысты грек-рим күресінің шеберлері бастаған болатын. Бақтияр Байсейітов үміт артып апарған 10 балуанның бесеуі жүлдегер атанып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Атап айтсақ, «классиктерден» Тамерлан Шадукаев (77 келі) ел қоржынына алғашқы алтынды Ибрагим Магомадов (72 келі) алғашқы күмісті сыйлады. Ал Хорлан Жақанша (55 келі), Азамат Күстібаев (87 келі) және Мансұр Шадукаевтар (130 келі) қола медальдармен қуантты. Нұрлан Аманқосов баптайтын бұрымды балуандар бұл жолы араға алты жыл салып Азия біріншілігінен бір емес, екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Мәселен, 53 келі салмақта Татьяна Аманжол бірінші Жәмила Бақбергенова (72 келі) да қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына екінші алтынды салды. Аяулым Қасымова (62 келі) күміс медаль иегері. Ал Валентина Исламова (50 келі), Марина Зуева (55 келі), Аяулым Қасымова (57 келі), Мәдина Бақбергенова (59 келі), Эльмира Сыздықовалар (76 келі) қола медаль иегерлері атанды. Осылайша, балуан қыздарымыз 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. «Сарықұрлық» додасын соңғы болып еркін күрес шеберлері түйіндеді. Әсет Серікбаев баптайтын еркін күрес шеберлері ел қоржынына екі алтын, төрт қола жүлдені салды. Нақтырақ айта кетсек, еркін күрестен 74 келі салмақта ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов Азия чемпионы атанды. Ол осы жеңісінен кейін «екі дүркін Азия чемпионы» деген атаққа қол жеткізді. Ол өткен жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да бас жүлдені жеңіп алған болатын. Екінші алтынды Юсуп Батырмурзаев (125 келі) жеңіп алды. Сондай-ақ, Дәулет Ниязбеков (65 келі), Мейіржан Аширов (70 келі), Илисхан Чилаев (92 келі) пен Әлішер Ерғали (97 келі) қола медаль иегерлері атанды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз