Абай бабаларын ұлықтаған оқушылар

0
359

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы Абай атындағы гимназия мектебінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай және де мектеп басшысы С.А. Тлепбергеновтың жылдық жоспарына сәйкес бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің онкүндік іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру, заман талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болды. Онкүндік іс-шара 3 бағытта жүргізілді. Атап айтсақ, «Әдебиет әлемі», «Жаратылыстану әлемі», «Логика әлемі».
Іс-шараның ашылуына орай «Білімді ұрпақ – ел тірегі!» атты көрме ұйымдастырылды.
«Абай – дара, Абай дана», «Ақиық ақын – Мұқағали!», «Жыр алыбы – Жамбыл» атты көркем сөз оқу сайыстарында оқушылар ақын өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқудан өз шеберліктерін көрсетті. Көркем сөз оқу сайыстарын өткізу барысында К.Тургамбекова, С.Молдабекова, С.Абильдаева, М.Мусакулова, А.Ахаева, Ш.Амирбекова, сияқты мұғалімдердің еңбектері ерекше көрінді.
3-4 сыныптар арасында «Зерде», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты интеллектуалды сайыстар өткізілді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында «Ертегілер еліне саяхат» атты сахналық қойылымда образдар сомдауда бағыт-бағдар берген А.Алыбаева, Т.Темирбекова, М.Қасымбек, Б.Еликбаева, еңбектерін ерекше бағалауға болады.Осы іс-шара барысында орыс сыныптарыда белсене қатысты.
Оқушылардың салауатты өмір салтын арттыруда орыс сыныптарында «Веселые старты», қазақ сыныптарында «Толағай» атты эстафеталық жарысты С.Ахметова, З.Тухамет, Л. Есжанова, В.Спивакова, В.Сагова жоғары деңгейде өткізді.

Бастауыш сынып мұғалімдері
Қалбекова Е. Тургамбекова К.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.