Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы түлектерді «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бағдарлама жұмыссыз ретінде тіркелген соңғы 3 жыл ішіндегі ЖОО мен колледж түлектеріне бастапқы тәжірибе алу үшін арналған. Тәжірибеге қатысу үшін жұмыс іздеушінің жасы 29-дан аспауы тиіс. Дипломда алған мамандығы бойынша тәжірибеден өту мерзімі 6 айдан артық емес. Еңбекақы мөлшері 85 475 теңге, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын шегергенде 73 484 теңгені құрайды. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда); 4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі. Қосымша ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының 57-88-88 нөміріне хабарласу қажет.

В столице начался прием заявок выпускников на участие в молодежной практике

Центр занятости населения приглашает астанчан принять участие в программе «Молодежная практика», которая предназначена для получения первоначального опыта выпускникам вузов и колледжей последних трех лет, зарегистрированных в качестве безработных, передает официальный сайт акимата. Согласно условиям программы, возраст претендентов не должен превышать 29 лет. Срок прохождения практики по специальности в дипломе длится не более 6 месяцев. Заработная плата составляет 85 475 тенге, с вычетом социальных и пенсионных отчислений – 73 484 тенге. Для участия в молодежной практике необходимо подать в Центр занятости населения заявление, копию документа, удостоверяющего личность, копию трудовой книжки (при наличии), копию документа, подтверждающего техническое и профессиональное, послесреднее, высшее и послевузовское образование. Для получения более подробной информации необходимо

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.