Бүгін «Астана жастары» волонтерлері Алғыс айту күніне орай «Біз біргеміз» акциясы аясында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан тапсырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Қайырымдылық шарасына 70 астаналық волонтер қатысты. Солардың бірі – Аян Ерментаев. Ерікті осымен бесінші жыл қатарынан донацияға қатысып жатыр. Олардың әрқайсысы  450 мл қан тапсырды. «Елордалық жастар «Біз біргеміз» акциясы аясында топтаса отырып, ардагерлердің,  жалғызбасты аналармен зейнеткерлердің ауласын қардан тазалаудан бөлек, тұрақты түрде донор ретінде қан тапсыру шарасына қатысады.

Бір донор – бір өмір демекші, біздің игі ісіміз көптеген адамдардың өмірін құтқаруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы көмектің арқасында біз біреудің анасының, әкесінің, баласымен бауырының өмірін сақтап қаламыз. Біз осы әрекетімізбен азаматтарды қан тапсырып, көмек көрсетуге шақырамыз. Әр адам осындай қиын жағдайға тап болуы мүмкін», – деді ол. Айта кетейік, қыс басталғаннан бері волонтерлер ардагерлерге, зейнеткерлермен жалғызбасты аналарға аулаларын тазартуға қолдау көрсетіп келеді. Алғыс айту күніне орай «Ардагерлерге мың алғыс» жобасы аясында ардагерлерге азық-түлік себеттерін таратуда. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының дәрігері Айдос Кенжиннің айтуынша, орталыққа күніне 100-ге жуық адам қан тапсыруға келеді. «Біздің орталыққа күніне 100-ге жуық адам донор ретінде қан тапсырады. Соңғы екі жылда донацияға қатысушы адамдар саны көбейді. Атап айтсақ, 2018 жылы 34 мыңға жуық, ал 2019 жылы 35 мыңға жуық адам қан тапсырды. Медициналық  тексерістен өткен адамнан стандарт бойынша 450 мл қан 10-12 минутта алынады. Содан кейін қан құрамы зертханалық тексерістен өтіп, карантинге жіберіледі. Бірақ бір айдан кейін донор мүмкіндігінше қайта келіп қан тапсырып кеткені дұрыс», – деді орталық дәрігері. Айта кетсек, акцияға қосылғысы келетін тұрғындар қан тапсырар алдында ішімдік, шылымнан бас тартып, медициналық дәрілерді қабылдамаған жөн. Сондай-ақ донация күні жеңіл түрде тамақтануы қажет.

 

Более 30 литров крови сдали в Нур-Султане волонтеры

Сегодня более 70 столичных волонтеров в рамках акции «Бізбіргеміз» в преддверии Дня благодарности сдали кровь в научно-производственном центре трансфузиологии, передает официальный сайт акимата. В благотворительном мероприятии приняли участие более 70 волонтеров. Один из них – АянЕрментаев, который принимает участие в добровольной донации уже пятый год подряд.Аян и его друзья сдали по 450 миллилитров крови каждый. «Мы на постоянной основе принимаем участие в мероприятиях по сдаче крови в качестве донора. Убежден, что поступок одного донора может спасти, как минимум одну человеческую жизнь. Благодаря нашей помощи чьим-то мамам, отцам, детям, братьям и сестрам спасут жизнь. Своим примером мы хотим вдохновить всех астанчан, способных помочь нуждающимся в переливании крови людям. Каждый должен понимать, что в положении нуждающегося может оказаться он сам или его близкие»,- говорит Аян. Необходимо отметить, что столичные волонтеры с начала зимнего периода регулярно помогают с очисткой снега и наледи во дворах ветеранам, пенсионерам, одиноким мамам и другим категориям населения, которые нуждаются в заботе. В настоящее время в рамках проекта «Ардагерлергемыңалғыс» молодые активисты доставляют корзину продуктов питания ветеранам Великой Отечественной войны. По словам врача научно-производственного центра трансфузиологии АйдосаКенжина, каждый день сдавать кровь приходят около 100 человек. «За последние два года растет число лиц, участвующих в донации. В частности, в 2018 году донорами стали около 34 тысяч человек, в 2019 году – около 35 тысяч. Перед сдачей крови донор проходит бесплатное медицинское обследование. Существуют определенные противопоказания к донорству. У лица, прошедшего медосмотр, по стандарту 450 миллилитров крови берется за 10-12 минут», – сказал врач. Врачи предупреждают, что жители, желающие присоединиться к акции, перед сдачей крови должны отказаться от алкоголя, сигарет и не принимать медицинские препараты. Также в день донации питание необходимо свести к минимуму.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз