Коронавирус: бір адамға бес маска ғана сатылады

0
164

Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов мәлімдеді.

Алайда, Тараз қаласындағы дәріханаларға «Super Pharm» фармацевтикалық зауытынан тәулік сайын 30 мыңнан астам қорғаныш маскасы таратылуда. Коронавирус індетінің ел аумағында да таралуынан орын алған дәріханалардағы қорғаныш маскалары мен антисептиктердің тапшылығы Тараз тұрғындарын да дүрліктірген болатын. Олардың сөзіне қарағанда, көптеген дәріханалардан қорғаныш маскасы табылмайды, ал бар болса бағасы тым қымбатқа сатылып жатыр. Өңірдегі ахуалға байланысты пікір білдірген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігімен бірлескен арнайы мобильдік топ құрылып, жұмыс істеп жатқанын айтады. Олар Тараз қаласындағы дәріханаларда орын алған баға өзгерісін мұқият қадағалауда. М.Жұманқұлов қорғаныш маскаларының тапшылығына қатысты былай деді:

«Біз «Super Pharm» фармацевтикалық кәсіпорнымен келісім-шартқа отырып, облыс орталығындағы дәріханаларға тәулік сайын 30 мыңнан астам бетперде жеткізіп тұратын болдық. Алайда, қорғаныш маскаларының сатылуына бір шектеу бар. Әр тұрғынға 5 бетпердеден ғана беріледі. Қорғаныш маскасы тегін берілетін медициналық құрал емес екенін де ескеруіміз керек, әр адам оны өзі сатып алу тиіс». Ал Жамбыл облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменінің басшысы Берік Жарқынбековтың сөзінен белгілі болғандай, қазір өңірдегі Мырзатай ауылында орналасқан фтизопульмонологиялық сауықтыру орталығында 11 адам оқшауланып жатыр. «Олар Оңтүстік Корея, ҚХР елдерінен келген азаматтар. Арасында шетелдіктер жоқ. Соңғы рет бір ұшақта отырған 2 адам анықталды, бірақ олар бірден карантинге жатқызылды», – деді жауапты маман. Жергілкті әкімдік өкілдерінің айтуынша, карантинде жатқан адамдарды бақылауға алған дәрігерлерге жұмыс істеу тәртібі мен ережелері түсіндірілген. Медицина қызметкерлеріне зиянды ортада қызмет еткендері үшін екі айлық жалақы көлемінде еңбекақы беріледі.

Әсел Мұратбекқызы
https://inbusiness.kz/kz/news/koronavirus-bir-adamga-bes-maska-gana-satylady

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.