Centralasia.media сайты: «Өзбек ұлтынан шыққан ресейлік миллиардер Алишер Усманов Өзбекстандағы коронавируспен  күрес шарасына 20 миллион доллар бөлді.  Қаражат коронавируспен күрес кезінде үкіметке қаржылай көмек көрсету үшін құрылған «Өзбекстанның қайырымдылық және денсаулық» қоғамдық қорына аударылған. Миллиардердің бұл қаржысы Ташкент облысынан салынып жатқан жаңа аурухананы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге және  қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Жаңа аурухана Ташкент облысының Зангиата ауданында салынып жатыр»,— деп хабарлайды. Алишер Усмановтың Өзбекстанға ақша аударып жатқаны алғаш рет емес. 2019 жылы ол туған жерінің дамуына үлес қосу үшін 50 млн доллар бөлген еді. Мұны Наманган қаласындағы «Алишер Усманов атындағы бизнес-орталықтың» ашылуына келген Шавкат Мирзиёевтың өзі мәлімдеген. 2018 жылы ол Өзбекстанның әйгілі «Пахтакор» футбол клубына 20 млн доллар аударды. Оның Өзбекстанға не беріп, не қойғаны ұмытылып қалуы мүмкін. Бірақ оның: «Мен өзбек екенімді мақтан тұтатамын. Туған елім мен жерімді ешқашан есімнен шығарған емеспін. Өзбекстан үшін пайдалы болатын кез келген дүниені жасауға әрдайым, тіпті дәл қазір дайынмын»,— деген сөзі өзбек жұртының құлағында мәңгі жаңғырып тұрары кәміл. Сонда, өз елі үшін жанын қиюға бар біздің «миллиардерлеріміз» неге үнсіз жатыр?

Ермек Сахариев

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз