Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан бүгінде дүние жүзін дүрліктіріп тұрған коронавирус індетінің таралуымен күресу мақсатында шұғыл шаралар іске асырылып жатыр. Ал біз әрқаймысыз «сақтансаң, сақтайды» демекші өз тарапымыздан қолымыздан келгенше барлық сақтық шараларын сақтап, Президентіміздің үндеуін қолдап, үлес қосайық.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде «Біз – тарихымызда небір қиындықты бастан өткерген халықпыз. Сол сынақтардан, ең алдымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болсын! Біз біргеміз!» деген болатын, осы орайда ел болып бірге екендігімізді көрсетіп, сабыр сақтап,еңсемізді түсірмей, бұл қиындықты бір адамдай жеңейік.
Барлықтарыңызға мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық тілеймін!
Еліміз еңселі, халқымыздың ауызбіршілігі бекем, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Талғар ауданы мәслихат хатшысы

Жұмахан Еңкебайұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз