Елде азаматтарға психологиялық қолдау көрсететін сайт іске қосылды. Себебі, әлемдік деңгейдегі күрделі мәселемен күресте кез келген адамға психологиялық көмек керек. Әсіресе, карантинде жатқандар ерекше қолдауға зәру. Психологтар: «Онда өзіңізді мағазалаған сұрақтарға жауап алып, психолог және психотерапевтің онлайн қабылдауына жазылуға болады. Мамандар күйзеліске берілмей, стрессті басқару әдістерін айтып, коронавирус туралы баларлармен қалай сөйлесу қажет, карантин кезінде үйдегі отбасы мүшелерімен қандай қарым-қатынас орнату керек деген сауалдарға жауап береді. Әзірге психологиялық қолдау платформасын пайдаланғандар саны аз. Күніне 7-8 адам ғана онлайн кеңес алған. Бірақ бұл тек басы ғана»,— десе, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми орталығының психологы Жұлдызай Алиева: «Бір жерде отырып қалғаннан кейін адамның күнделік өмірі біркелкі өтіп жатқандай көрінеді.  Өйткені тығырыққа тіреліп, іштей тоқырауға ұшырауы мүмкін. Ал маманның кәсіби тілмен түсіндіргені сіздің жаныңызға жай таптырып әрі қарай өмір сүруге белсенділігіңізді арттыруы әбден мүмкін»,— дейді. Карантин басталғалы еріксіз үйіне қамалғандардың бірі жалғыздықтан жабырқаса, енді бірі ұйқысы қашып, алдағы уақытта не болады деп уайымға салынған. Психологиялық көмекке жиі жүгінетін де осылар. Бұл санаттағы адамдарға 15 минуттық онлайн қабылдау өткізіледі. Жалпы сайтқа Қазақстанның әр өңірінен 70-тен астам психолог тіркелген. Олар халықаралық тәжірибеге сүйеніп көмек көрсетеді. Онлайн қабылдаудың басым бөлігі орыс тілінде өтеді. Сайттың қазақша нұсқасы әлі толық іске қосылмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз