Әлемді аузына қаратқан Димашымыз мынадай қиын жағдайда тағы бір қырынан жарқ етті. Ол қиналып жатқан халқына 5 тонна азық-түлік әкеліп, таратты. Бәрекелді! Әлеуметтік желілерде Қайрат, Бүркіт, Ернар Жұматаев, Әділ Ахметов, Олжас Сыдықбек, т.б.өнер адамдарының жағдайы төмен жандарға қайырымдылық істерін жасап жатқаны туралы айтылуда. Дұрыс қой, негізінде осындай өнер иелерінің қатары молыға түссе ғой, шіркін!

Көңілге кірбің түсіретін нәрсе елбасымыздың байларға өтініш етіп, елге көмектесейік деген байламын әлі де алпауыттардың қолдамай отырғаны. Тіптен бір миллиардеріміздің өзбек еліне қомақты қаржы аударғаны жөнінде сыбыс бар. Машкеевичтар, т.б. неге үнсіз? Олар 42500 теңге үшін жанталасып, жанұшырып жатқан халықты көрмей тұр ма?

 

Ертай Айғалиұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз