Коронавирус пандемиясы әлем экономикасы мен жұмыс күшіне үлген әсерін тигізуде. Дүниежүзілік еңбек ұйымының болжамы бойынша коронавирустың әсері 2008 жылғы қаржы дағдарысынан да қатты болуы мүмкін, деп жазады euronews.

«2008-2009 жылдары бүкіләлемдік қаржы дағдарысының салдарынан біз 22 миллионға жуық жұмыс орнын жоғалттық. Болжам бойынша алдағы үш айдың өзінде әлемде 195 миллион адам жұмысынан айырылуы мүмкін», – дейді Дүниежүзілік еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.

Дәл қазіргі сәтте әлем елдерінде енгізілген төтенше жағдай мен карантин салдарынан 2 миллиард 700 миллионға жуық адам жұмысқа шықпай отыр. Бұл барлық жұмыс күшінің 81 пайызын құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз