Кентау қаласының шығыс жағында Қаратаудың Ащысай асуының күнгей бетінде орналасқан бұл бұлақ Түркістан-Шолаққорған тас жолының бойында жатыр. Осы бұлақты өткен ғасырдың 60-70 жылдары Ащысай шахтасының профком төрағасы Шаматай Байжігітов өз қолына алып, бұлақтың көзін ашып, тазалап, басына темір-бетоннан киіз үй салып әдемі демалатын жай тұрғызды. Осы бұлаққа таң тамаша қаласың. Себебі таудың басынан шығып жатқан керемет көрініс. Бұлақтың суы мұздай, суық әрі таза. Ішкен сайын ішкің келеді. Әсіресе жаз кезінде су ішуге шілденің шіліңгір ыстығында ары өткен, бері өткен жолаушылардың қарасы көп. Жолаушылар 1-2 сағат демалып астарын жеп, рахаттанып жолға шығады. Осы бұлақтың аумағына керуенді 10 түйеден алдына осы түйлерді жетектеген бір аттылы адамды, арт жағына екі аттылы кісілерді көрсететін ескерткіштерді орнатуды өзінен өзі сұранып тұр. Бұл жол, сол атам заманнан бері адамдарға кызмет етіп, осы бұлақтан су ішкен. Марқұм Шаматай Байжігітов қайтыс болғаннан кейін бұлақтың мазасы қаша бастады. Бұлақты шын көңілмен қолға алмаса оның көзі бітеліп қалуы әбден мүмкін.

Осы тұрғыда Кентау қаласының жанашыры, қала әкімшілігнің қәсіпкерлер және туризм бөлімінің басшысы Қадырхан Төлепбергенов бастама көтерді. Осы тарихи Шаматай бұлағын қаламыздағы –қалталы азаматтармен ақылдасып Түркістан облысының тау ішіндегі әдемі тау бұлағы етіп көрсетуге атсалысамыз деп өзінің жоспарымен бөлісті.

 

Асан Сапаров,

 Кентау қалалық «Ардагер»

қоғамдық бірлестігінің президенті

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз