Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 93 егіз және 3 үшем дүниеге келді

0
109

Алты айда қалада 14 012 бала дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Алты ай ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 14 012 бала дүниеге келді, деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Татьяна Бишораева. Қызық дерек: бала туу көрсеткішінің төмендігіне қарамастан, аталған кезеңде елордада егіздер мен үшемдер көп дүниеге келген. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы аталған уақыт бойынша – 77) және 3 үшем (2019 жылы 1) дүниеге келді. Күн сайын елордада 60-тан 110-ға дейін бала дүниеге келеді.

http://astana.gov.kz/kz/news/news/23851

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.