21 250 теңгеге өтінішті қайта беру керек пе?

0
52

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жауап берген Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов: «Тамыз айында карантин екі аптаға созылатындықтан азаматтарға 42 500 теңгенің орнына – 21 250 теңгеден берілетін болды. Бүгінгі күнге дейін 2,1 млн адам, соның ішінде проактивті форматта да 42 500 теңгені алған болатын (шілде үшін). Қазіргі уақытта бұл шаруамен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысып жатыр. Бұрын бір реттік әлеуметтік төлемді алған азаматтардың мәліметтері базада бар. Сондықтан өтінішті қайта берудің қажеті жоқ, оларға проактивті форматта төлем тағайындалады», – деді.

 

Е.Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.