Қара індет қолдан жасалған жасанды әскери қару

0
395

         Міне, алты ай бойы  адамзаттың   әлеміне үрей мен ажал әкелген қара індет – Соvid-19 бүкіл жер шарын  дүрбелеңге  түсіріп, өршіп барады.   Осы көзге көрінбейтін  «қылқұрттың» емін  тауып,  төтенше келген  ажалдан адамзатты   құтқару  үшін  300 мыңнан астам   ғалым күн-түн демей ізденіп, әлекке түсіп жатыр екен.  Бұл  қай жақтан келетіні, қай жақтан шығатыны белгісіз   қара вирустың бір қорқыныштысы   ауамен жайылып,  адамның тынысымен кіріп, екі өкпесін жеп, қанын қоюлатып, аз уақыттың ішінде ажал құштыратынында болып тұр. 

 

Бұл қастандық – қай қастандық?

 

Қаншама жайсаңдарымыз, жақсыларымыз, білікті азаматтарымыз осы қара індеттің  шырмауына ілініп, құрбан болды.  Тіпті бір отбасынан екіден кеткендер де бар .  Ең бір өкініштісі  мұндай оқыстан келген  індетке  емдеу жүйесінің  қауқарсыз, дәрменсіз, дайын емес екені   жанға қатты батады. Осы   адамзатқа  төтенше ажал әкелетін  Соvid-19 вирусын ойлап тапқан «қылмыскерлер»  әлі жер басып жүрген шығар. Ақырзаманды  жақындату  үшін  олардың  зертханаларда күні-түні шұқшиып отырғаны санасы бар  адамның  ақылын алжастырады.  Әрине, тегін  емес, жер бетіндегі тіршілік атаулыны  жоюға  арналған вирусты ойлап тауып, көл-көсір байлыққа кенелген шығар.

Жергілікті халық  алғашында  алыстағы  күн астындағы елдегі  жаман індет  бізге жетеді дейсің бе деп жайбырақаттыққа, енжарлыққа  салынып, көңілде аударған жоқ.  Тіпті бұл жалған ақпарат  деушілерде табылып қалды.  Ал,   маусымда  аяқ астынан басталған екі өкпенің жаман ауруы, тұмау  адамдарды абдыратып, зәре-құттарын қашырды.

 

 

Сол күндері    Талдықорған қаласындағы емдеу орындары  мен жеке меншік емдеу орталықтары  карантинге жабылып, ауырған  адамдар  қайда барарларын бідмей әуре-сарсаңға түсті.  «Жедел жәрдемнің» өзі барлық ауруларға баруға мүмкіншіліктері болмай, адамның  дене қызуы, жөтелі жоқ болса  болды, учаскелік дәрігеріңізге  қабылдауға барыныз деп  алды-артына қарамай кетіп қалатын болды.  Ал жүрек, бүйрек, бауыр, қан қысымы сияқты аурулар мына жаман індеттің жанында «ойыншық» болып қалды.  Ең бір   қиыны сол кезде   бүкіл дәріханаларда  жай ғана екпе витаминдер, дәрі-дәрмектер  табылмай   қала халқы сеңдей соғылысты.

Аналары қатты ауырған екі қыз дәрі-дәрмек іздеп,  күні-түні қала кезіп. жүгіргенін көзім көрді. Бір дәріханаға түнде  дәрі-дәрмек әкеледі деген хабар тисе болды,  есігін аңдып  жанына қонуға шейін барды.  Дәріханалардың алдындағы кезекте тұрғандар қарасы  көбейіп, қолдарынан келгендері Алматыдан дәрі-дәрмек  алдырып,  сонау Мәскеуге шейін  таныстарына хабарласып көмек сұрады. Солардың қатарында  өзім болдым кәдімгі  сұйық оскарбинканы, дене қызуын түсіретін парацетамолды   жер-көктен іздеп таба алмадық.  Тіпті аяқ астынан барлық дәрі-дәрмектің  бағасының қымбаттап кеткенін айтпай-ақ қояйық.

Бұл не? Халыққа жасалған  қастандықтың бір түрі ме? Ресей жақтағы  туған-туысқандары барлар «Қазақстанға не болған? Бізде дәрі-дәрмектен тапшылық жоқ», – деп таң қалыпты.  Оның үстіне жайнаған  ақ жазда екі өкпенің қабынуы   адамдарға    келген  төтенше жағдай болды. Қоғадай жапырылып ауырған адамдар мен  ажал құшқандарды көріп, жандары қысылғандар   далбасалап  «Мынау  ұщақпен ауаға шашылған кесел » деуге шейін   барды. Әр сенбі сайын  жарық көретін  өңірлік газетінің көңіл айту бетін көргенде  жағамды ұстайтын болдым.    Күні кеше  жанымызда жайнаңдап жүрген  адамдардың  ел аман, жүрт тынышта өмірден көшуі  жүйкеге ерекше салмақ түсіреді екен.

 

Бір оқсыз қырылған халық назасы

 

Сонымен халықтың көкейінде  жүрген бір сауал  адамзатты қыршынынан қиюға  бағытталған бұл  «Соvid-19» қайдан пайда болды? Қытайдың  Ухань қаласынан тараған ауру  бүкіл дүние жүзінің экономикасын құлдыратып,  құрықтап, ұшақтарды тоқтатып, поездарды, көліктерді, кемелерді  жүргізбей, тіршілік атаулыны  тұсап,    адамзаттың өміріне қауіп төндіріп, жер шары  дүрбелеңге  түсті.

 

 

Барлық ғаламтор жүйесіндегі   осы  жаман індет- короновирус   туралы  сұхбаттар  мен зерттеулермен танысып, бір ұққаным   әлемдік  үстемдікке  ұмтылған  алпауыт  елдердің жер шарындағы   тіршілік  ететін  бүкіл халықты дізе бүктіру үшін жасалған қитұрқы іс-әрекеті  деген  мәліметтер  құмырысқадай қаптап жүр.  Бұл жайында   нақты дәлелдермен  Ресейлік  физика және математика ғылымдарының  доқторы Людмила  Фионова айтып отыр. Соvid-19   зертханаларда   қолдан жасалған  бактериологиялық, биологиялық   әскери қару екен.  Оған сенбеске еш лажың жоқ.  Бір ғана пробирка  оқ-дәрісіз-ақ, бомбасыз-ақ, ракетасыз-ақ   сан мыңдаған адамдарды ажал құштырып,  үрейін ұшыратыны белгілі.  Оны құлағымыз естіп, көзіміз көріп отыр.

Ресейлік ғалым Людмила Фионованың  айтуынша 2017 жылы АҚШ-тың қазіргі Президенті  Дональд Трамп   үш  бағыттағы ауруларды тіркеп, патендепті.   Оның бірі  тұмау (грипп), екіншісі Эбола және    үшіншісі  өкпе ауруы. Яғни қазіргі  «короновирус» алпауыт елдің 13 мыңнан астам  ғалымы, миллиондаған қаржы жұмсап,  ұзақ жылдардан бері  әскери зертханаларда адам өміріне қауіп төндіретін   қауіпті вирусты    ойлап табумен айналысқан.

 

 

Жалпы Совет одағы тараған кезде  биологиялық  вирусты  зерттейтін 400-ден астам зертханалар болыпты. Ондағы  жасалған тәжірибелердің қортындысы қайда кеткенін ешкім  қазір дәл басып айта алмайды. Әрине,  шығыны ұшан-теңіз ракета жасап, бомба тастағанша  көзге көріне бермейтін вируспен-ақ жер бетіндегі халықтың санын азайтуға болатыны  белгілі болып отыр.   Жылдан-жылға  жер бетіндегі ресурстар  азайып келе жатқанын  ғалымдар жарыса жазып жатыр, күнбе-күн тамақ сұрайтын қара нөпір халықтың  санын азайтып, азық-түлік мәселесін шешу   туралы  құпияланған  құжаттар сандықтардың түбінде тығулы жатыр.

Тағы бір көңілге секем әкелетін  жағдай   жер шарында үстемдік орнатуға ұмтылған  Американың бұрынғы Кеңестер одағының құрамында болған 25 елде арнайы зертханалары  бар көрінеді. Оның ішінде біздің Қазақстанда да бар. Бір таңқаларлығы бұл зертханалар үлкен қалаларға жақын орын тепкен. Ол не үшін керек?  Кез келген уақытта  табылған   жаңа зерттеулерін сынақтан өткізуге ыңғайлы болу үшін бе?  Бұл зертхананың жұмысын бақылауға біздің  ғалымдардың құқығы бар ма? Оны неге мына жұрт білмейді?  Және онсыз да  жерінде   ядролық қару пәленбай жыл сынақтан өткізіліп,  жандары жарым-жан болған қазақтың  көргені аз ба?

 

Қоймада дәрі тыққан қай зұлым?

 

Адам саны небәрі 18 миллионның ар жақ бер жағындағы, жер көлемі мен байлық-ресурстары жетерлік  елге көз тігушілер  жетерлік.  Еліндегі жасыл дүниесінің  75 пайызын жойып, жерінің астында, үстінде ластап, экология талабын сақтамай  суында, жерінде улап біткен  шекаралас  елдің  биілігі   нені көксеп жүргенін  бал ашпай-ақ біліп отырмыз.  Сондықтан  «Әр бір қазақ жалғызым» дейтін  уақыт келді. Етек-жеңімізді жинамасақ қапы қаламыз.

 

 

Қазақтың  түбіне  бір жетсе жер-көкті шырмап алған   жемқорлық жетеді.  Әлі күнге шейін   қолында күлшесі бар кейбір жемқорлар ішіп-жеп тоймай жүр. Олар  ұлттық  қасиеттің не екенін білмейді?  Соңғы отыз жыл бойы патриоттықты,  идеологияны  жемқорлық, тамыр-таныстық «жетелеп» келді. Қазір соның нәтижесін көріп отырмыз.. Әйтпесе шетелден келген  дәрі-дәрмек көмекті  ауруларға бермей екі ай бойы  қоймаларда  қаттап  қоюдан асқан қылмыс жоқ.  Айдың күннің аманында  қара індеттен ажал құшқан  әр  адамның  назасын кім көтереді?

Халық  қасірет шегіп жатқанда  дәрі-дәрмекті әдейі «жоғалтып» жібергендер аяусыз жазалануы керек!  Ел мен жердің  байлығын қымқырып,  миллиондар мен миллиардтарды  шетел банктеріне салып, алшаңдай басып жүрген етпен сүйектен жаратылғандарды да  жаратушы жазасыз жібере қоймас.  Ақиқатын айтсақ, ата-бабамыз  өсиет қылып айтып кеткен   қауіптің  қайдан келгенін және келетінін  ұғып  отырмыз.

Жуырда бір досым хабарласты. «Аяқ қолымыз маталып, үй қамаққа өз еркімізбен түскеніміз-ай!  Жау ел шетіне келсе қолымызға қару алып, атысып, шабысып  өлсек арман болмас еді», – деп өкінеді.  Мен бәрін түсініп тұрмын. Осы уақытқа шейін жалған ақпаратқа сеніп келдік.   «Жарқанаттан, жыланнан, құрбақадан бұл ауру адамға жұғыпты» деген және тағы басқа алып-қашпа сөздер қарша борады.  Бұл  далбаса  ақпарат.  Қазақта  «Қап түбінде   біз жатпайды» деген мақал бар.  Себебі түбінде бір жерден тесіп шығады. Біз соған жақындап  келе жатырмыз. Уханьның  зертханасында жасалып, жер жүзіне   таралған  бұл  бактериологиялық  әскери қару деген пікірді Ресейдің  белді-белді  ғалымдары мен қоғам қайраткерлері  ашық айтып жатыр.

 

 

Біздің елдің ендігі басты  мақсаты халықты сақтап қалу, ол үшін адам ағзасының ауруға төтеп беруіне ықпал ететін  вакцина егуді тездетіп  тауып, қолға алу қажет.  Уақыт ырғалып-жырғалуды  көтермейді. Адамдар денсаулығы  бақылауда, аурудың саны азайды, беті қайтты  деген  ақпараттар көңілімізді көншіте  алмайды.  Кез  келген уақытта  елімізге есігімізден, тесігімізден, жайылған  ауамен, аққан  сумен, ұшқан құспен  келген  бұл қара індеттің басқа бір түрлері  жетіп келмесіне кім кепілдік береді?

Жаман індет  біздің  елге қалай келді, кім әкелді? деген көкейде жүрген сауалдарға  дәл қазір  ешкім жауап бере алмайды. Егер тарихқа бойласақ  сонау  бір ғасырларда жерлерін өліспей, беріспеген америкалық үндістерді оба ауруын жіберіп, қырып салған  баукеспелер мен ұры-қарақшының іс-әрекетін ешкім жоққа шығара алмайды.  Жаман айтпай жақсы жоқ дегенде сөз бар. Ел мен жерімізді қорғай алмай   қисайып  қалсақ , ақыр заманның орнағаны. Сондықтан өзімізді-өзіміз сақтайық. Аман болсақ  байлық деген осы! Тірі адамның қалған  қызығы – тойы, жыры, әні, сәні  ел-жұрт аман болса қазақтың шаңырағына қайта оралады.

Жағаны жайлауға жіберетін жайбырақаттықты қою керек. Бір  дүкенде кездескен кісіден; «Неге бетперде кимейсіз?» десем. «Бәрі бір өлеміз ғой» деген жауап алып, қатты ренжідім.  Осындай  бойкүйездікке  салынып,   келген қасіреттен мойнын салбыратып жүргендердің есін жиғызатын бізге «жұмылған жұдырық»  керек. Ол «жұмылған жұдырықты» билік көрсетуі тиіс, ал көрсете алмаса кету керек! Әйтпесе соғыссыз, оқсыз, бомбасыз   жер бетінен халқымыздың түгелдей жоғалып кету қауіпі  сейілмей тұр.

 

                                               Нұрила Бектемірова

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.