АТА ЗАҢ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ

0
322

Барша Қазақстан халқын 1 қыркүйек Білім күні мерекесімен құттықтаймын!
Биылғы оқу жылы жылдағы болып жүрген оқу жылынан ерекше болып басталды. Себебі дүние жүзін жайлаған пандемияға байланысты бұл оқу жылы қашықтықтан оқытылады.

 

Бірақ шағын елді мекендердегі мектептерде оқушылар санының аздығына байланысты оқушылар білім күнін мектептен қарсы алып жатыр. Соның ішінде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы 140 негізгі орта мектептің оқушылары ұстаздарына деген сағынышын, ұстаздардың оқушыларға деген сүйіспеншілігі ерекше байқалып тұрды.

 

Мектеп директоры Оразалина Жайнагүл Аманбайқызы 1 қыркүйек білім күнін құттықтау сөзімен ашып берді. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Үсенова Рысбала Орақбайқызы ұстаздарды, 1 сыныпқа келген оқушыларды және ата-аналарды білім күнімен құттықтап, 1 сынып оқушыларына ақ жол тіледі.

 

 

Ал тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамбетова Назым Балапанқызы бүгінгі өтетін “Ата заңымыз-еліміздің асыл тірегі”, ” Ата заң- алтын діңгегім” тақырыбында тәрбие сағаттары өтетінін таныстырып өтті. Әр сынып жетекшілері өз сыныптарына тәрбие сағаттарымен, сабақтарын өткізді.

 

Қанат Есжанов

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.