Өңірдің білім саласындағы ахуалдан хабардар етті

0
151

Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болған БҚО білім басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаева жаңа оқу жылының барысы туралы баяндады.

Жаңа оқу жылының екінші айында кезекті рет баспасөз мәжілісіне қатысқан басқарма басшысы өңірдегі 380 мемлекеттік мектептің 249-ы штаттық режимде, 131-і қашықтан жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл мектептердегі оқушылар контингенті 111 мыңнан асады. Олардың 22%-ы штаттық режимде, 48,6%-ы қашықтан оқытылуда. Бастауыш сыныпоқушыларының 66,2%-ы, мектепалды даярлық сыныптарының 53,3%-ыкезекші сыныптармен қамтылған.

– Биылғы оқу жылында 34 колледжде 17 мыңға жуық студентбілім алуда.Алты колледжде сабақтар толық қашықтан оқытылуда, 19 колледжде оқу процесінің  60%-ы – қашықтықтан, 40% -ы зертханалық және практикалық, өндірістік оқыту сабақтары ретінде ұйымдастырылуда.Ауылдық жерлердегі контингенті аз сегіз колледждің оқушылары оқу процесі талаптарын сақтай отырып, штаттық режимде оқытылуда, – деді Айгүл Әділгерейқызы.

 

 

Облыстағыжергілікті жерлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қаулыларына сәйкес 278 мектепке дейінгі ұйымдағыкезекші 1039 топқа  ата-аналардың өтініштері негізінде 13172 бала тартылған.

Облыстың бас мұғалімі өз баяндамасында барлық штаттық режимдегі және кезекші сыныптары бар мектептерде, колледждерде, мектепке дейінгі ұйымдардасанитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақталып жатқанын жеткізді.Білім беру ұйымдарында санитарлық нормалардың сақталуы– жергілікті әкімдіктердің және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қатаң бақылауында.

Қашықтан оқитын оқушыларды оқуға қажетті құрылғылармен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табуда.Қашықтан оқитын оқушылардың 12830-ықайтарымды негізде мектептер балансындағы компьютерлермен қамтылған.Оқушыларды компьютерлік құрылғылармен қамту үшін ҚР Үкіметі резервінен 14970 компьютерлік құрылғы, яғни компьютер, ноутбук, планшет сатып алуға қаражат бөлінген. Нәтижесінде Батыс Қазақстанға бүгінге дейін4653 құрылғы жеткізіліп,  аудандарға және Орал қаласына үлестірілген.

Облыс бойынша екі мыңға жуық оқушы арзандатылған «Білім»тарифімен білім беру ұйымдары арқылы қамтылған. Қашықтан оқыту үшін әр мектеп мұғалімдердің сұраныстарына сәйкес Bilimland, Edupage, Дарын онлайн-білім платформаларына қосылған. Ал қашықтан оқитын колледждер googleclassroom, CollegeSmartNation, EDUS платформаларымен жұмыс жасайды.

Өкініштісі, күні бүгін облысымызда бес оқушыдан коронавирус жұқпасы анықталған. Олардың үшеуі – кезекші сыныптардағы бастауыш сынып оқушылары, екеуі – қашықтан оқитын балалар. Барлығы да инфекцияны ата-аналары мен туыстарынан жұқтырған. Басқарма басшысы балаларда клиникалық көріністер жоқ екенін, олар амбулаториялық ем алып жатқанын айтты.

Облыстық білім басқармасы басшысы А.Мыңбаева балалардың бос уақытын иімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар дәстүрлі және қашықтан ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. «Мектептердің оқу форматын өзгерту туралы шешімдер санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас санитарлық дәрігердің ұйғарымы негізінде ғана қабылданады» деді Айгүл Әділгерейқызы.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

«Qazaqstan dáýiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.