«Назугум» үңгірі жайлы ақиқат

0
215

Болмаса, оны құрастырған жазушы мен жер-су аттарын ұйғырша атаулармен байланыстырған Абдуллажан Самсақов сияқты әлі де менікі дұрыс деп, жоқтан бар жасағысы келетін тарихшылар да табылады. Алғаш көштің басын, осы өңірге алып келген Шоған абыз бабамыздан бері-ақ жер-су аттарына көңіл бөлсек те жетіп жатыр. Ол кез 1550 жылдан бастау алады.

Осынау ұлан-ғайыр ұлы өлкеде Қазақстан өзге үш ұлттың топонимикалық атаулары бар. Бұл аймақтағы Аспантаулар аясын екі жүз жылдай уысында ұстаған Жоңғар қалмақтарының бізге «мұра» болып қалған бір талай жер-су аттарының аз емес екенін көрдік. Оларды әлі мұрты бұзылмаған күйінде атап жүрміз. Одан соң орыстар келді. Қаншама елді мекен, шаруашылық аттары өзгеріп, жаңаша қалыптасты. Ол жағы түсінікті шығар. Үшіншісі – ұйғыр атаулары. Алдымен әңгімені ұйғыр халқының қаһарман батыр қызы Назугумнен  бастайық. Ол туралы үлкен хикая бар. Өздерінің айтуынша оқиға мазмұны аңыз-әңгіме түрінде былайша баяндалады.

1826 жыл Шығыс Түркістандағы (Шыңжаң өлкесі) Ұйғырлар Цин империясының (манжур-қытай) басқыншыларына қарсы көтеріліске шығады. Олардың ішінде ерекше киінген өжет, батыр қыз Назугум де бар.Күйеуі Баким, ағасы Абдолламен бірге соғысқа араласады. Шайқас кезіндебас киімі ұшып кетіп, Назугумнiң ұзын қолаң шашы жайылып жерге түскенде ғана жаулары оның жігіт емес, қыз екенін көреді. Қоршауда қалған қызды өлтірейін десе, асқан сұлулығына қызығып көздері қимайды. Тұтқын болған Назугум кейіннен өзінің үш жасар қызы мен күйеуінің өлгенін естиді. Сондағы Ши Сен дейтін дәулеті мол бай қытай Назугумді сатып алады. Бір күндері ебін тауып қашып шыққан ол күн бойы Іле бойындағы қамыс арасында тығылып жүрген. Қытайдың әскери басшысы Солан топ солдатпен қыздың соңына түсіп қамысқа от қояды. Амалсыз ашыққа шығып, тағы да тұтқындалады. Сонымен Солан Назугумдi Жан-жуг бастығына сыйға тартып, кейіннен көп ақша беріп өзі сатып алған сияқты. Бірде Соланды мас қылған Назугум оны өлтіреді де қашып шығады. Үш айдай жол жүріп, ақыры Кетпен тауындағы Әулиешоқыға келіп, осындағы тас үңгірді паналайды. Үңгірде алты ай болған. Мұнда тұратын (қайдан келгені белгісіз) Гумет (?) дейтін шал қашқын қызға үлкен көмек көрсетіп тұрған деседі. Назугум бар екен, таудың бір үңгірінде тұрып жатыр дегенді естіген қытай қуғыншылары іздеп жүріп, ақыры тірідей қолға түсіпті. Құлжаға әкелген соң Пекиннен 82 күн бойы бұйрық үкім күтіп жатады. Соңында бұдан былай көтеріліс өршімес үшін әдейі Назугумның басын шауып өлтіреді. Кітапта осылай деп жазылған. Ал, Назугум ескерткішінің басында екі тілде жазылған мына жазулар тұр. Түсінікті болу үшін орысшасын келтірейік. «В этой пищере скрывалось от преследования манжурск-китайских  захватчиков национальная героиня уйгурского народа Назугум (1800-1830) отдавшая  жизнь за честь и свободу Родины.» (Золотая долина К. 70-летию образования Уйгурского района, А., 2005, стр 84-87.)

Зер салған адамға оқиғаның біраз нанымсыз жерлері көзге көрініп-ақ тұр. Өзінің олке тарихын жақсы білетін шежіреші Мазақ Сапанұлының «Сарытау мен Қызтекше екі арасы, Мегендеген Қоңырдың әр баласы» деген сөзінің тарихи мәні бар. Себебі жоңғар соғысынан кейін алғаш осы жерлерге Қоңырбөрiктер қоныстанып, одан соң бүкіл Албандар біртіндеп шығысқа қарай жылжып, әр өңірді мекендеген болатын. Бұрын бұл маңайда аз санды ойрат қалмақтарының қалғаны болмаса, көбінесе Қарадала алқабы қаңырап бос жататын еді. Жоғарыдағы Назугум әңгімесі 1830 жылғы жағдай, Әлі мұнда ұйғырлар келмеген кез. Ал, ұйғырлар болса, 1881-83 жылдар аралығында келді. Сонда ұйғыр өкілі Гумет мұнда қалай келіп жүр деген көңілге күдік ұялайды. Енді Әулиешоқыдағы елсіз тас үңгірде Назугумның жападан-жалғыз өзі 6 ай бойы тірлік кешті деуінің өзі, онша ойға қона бермейтін әңгіме ғой. Көбінесе аңыздық тұрғыда сипат береді.

Мұнда келген ұйғыр халқы Қарадаладан қоныс алып, кез келген суы мол, шұрайлы жерлерге келіп орналасып жатты. Бас-аяғы оншақты жылда көптеген кенттер пайда болып қазақтармен мидай араласып, күллі Қарадаланы «жаулап алды» десек те болғандай. Кейін, яғни 1935 жылы Ұйғыр ауданыдеген статус алып, Кеген ауданынан бөлініп шықты. Бүгінгі таңда Сүмбе мен Шошанайда ғана жоқ, басқа жердің бәрін де бар. Соған байланысты жергіліктіхалықтың байырғы топонимикалық атауларын өз тілдеріне бейімдеп сәл өзгешелеу айтып жүргені өз алдына, қанша мектеп аттары, жүздеген көше аттары ұйғыр ағайындардың құзырына көшті. Жарайды. Қазақстанда туып-өскен, еңбегі сіңген қайреткер мен көрнекті тұлғалар: Б.Назым, А.Қасми, A.Розыбакиев, Қ.Қожамияров, И.Искандиров, М.Хамыраев. І.Бахтя есімдерінің болғаны дұрыс шығар. Ал сонау Шығыс Түркістандағы сонда өмір сүрген Садыр палуан, Л.Муталип т.б. Қазақстанға қандай қатысы бар, не үшін керек екенін түсінбедік.

Ұйғырша жер-су аттары. Ұйғыршасы («Уйғурчә яәр-су намилири һаққидә», «Уйғур авази», газ. 2018ж. 19-апрель) Жер-су аттарының тамырын іздеп, насихаттау ғылыми жақтан өте маңызды. Айта кету керек, кез келген жердің атауы сол жерге байланысты оның географиясына, геоморфологиясына, ерекшелігіне, атақты адамдары, тарихта болған оқиғаларымен байланыстырылып жасалады. Ұйғырша жер аттарын мысалға алсақ. Іле, Өсек, Тарим сынды суға қатысты жер атаулары бар.Шарын, Пәнжим, Қаш, Тамчи, Алмалы, Шиелі, Алтындық, Қашлиқ, Үрүмші, Майтау сияқты өнеркәсіпке, өсімдікке, тау-кен байлығына байланысты шыққан атаулар да көп. Сондай-ақ Садир, Сұлтан, Барчук, Байсейіт сияқты атақты кісілердің есіміне сай қойылғандары да жетерлік. Жер-су аттарын тарихқа сай үйрену, оның байлықтарын насихаттау да қажет. Ұйғыр тіліне байланысты жер-суаттары Моңғолиядан Испанияға дейінгі аумақта кездеседі.

Ары қарай жер-су аттарын зерттеуші А.Самсақов мырза Алматы облысын түгел болмаса да, Монғолиядан ендігі Испанияның жер-су аттарын зерттеп те кеткен шығар. Оның мақаласына Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми-зерттеу институтының  профессоры Ә. Дәулетхан ағамыз: «1679-1949 жылғы Шығыс Түркістан халықтарының ұлт-азаттық көтерілістерінің  майталманы жер-су аттарын (саудаға салуға) жекешелендіруге болмайды», – деп жауап қатып, нақты дәлел деректерімен орнына қойды десек те болады. Жерді картаға түсіруші, геолог, марқұм Молдияр Серікбаев ағамыз да «Ұйғыр ауданы атауы өзгеруі тиіс» деген мақаласында: «Тарихты бұрмаламай жоңғарлармен болған соғыс – қазақтың жері, елі, келешек ұрпағы  үшін болған Ұлы Отан соғысы. Осыны ұрпақ мәңгі естен шығармауы тиіс. Алла жар болсын!» – деген екен қазағына ардагер ағамыз.

«Назугум» жайында дерек жазушы ағамыз Жәлел Айдарханұлының «Алғандар тұратын аймақ атаулары» атты шежіре кітаптан алынды. Осы мақалаға көп көмегі тиген тарихшылар Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымына көп алғысымды білдіремін.  Алла жар болсын!

 

    Дәулет Сатыбалды,

өлкетанушы, тарихшы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.