«БЕСПАРТИЙНЫЙМЫН»… ДАУЫС БЕРЕ АЛМАЙМЫН…

0
58

Сайлау болса қыр астында тұр. Мен сорлы «беспартийныймын». Ешқандай партияда жоқпын анығы.
Болмайын деп жүрген жоқпын,  еш сәті түспей-ақ қойды соның. Сәті түссе, көңіл құрғырдың кежегесі кері тартып кететінін қайтерсің.  Осыған түсінбей өлетін болдым.
Иә,  бәрі де настроениеге байланысты сияқты ғой. Кейде  партиялар туралы басыма ой келсе болды,  жадыраған көңіл-күйім сөнген матордай өшіп, жылдамдығым түсіп кетеді. Неге өйтеді, итім білсін.
Кейде біреуіне емешегім үзіліп, жалынды сөздеріне елітіп, осы партияға кірейін деп оқталдым ба, о, ғажап,   сол партиядағы бір адам көзі жасаурап елжіреп отырады, келесісі «Қайран, асылым-ай, ерім-ай!» деп еңіреп отырады,  басқасына барсаң бір қасқа маужырап отырады, тағы біреуінде қария кісі қалжырап отырады.  Бұл көңіл күйге қалай әсер етпесін?!
Осыларды көргенде бір жеңгем айтқандай, «Ет қуырып,  картошка пісірейін деп едім,  ій, қойшы дедім» дегені есіме түсіп,  теріс айналып кетемін.
Әйтпесе осы күнге дейін бір партияның «жұлдызы» болмасам да,  «құндызы» болып жарқырап жүруіме болар еді ғой. Енді не болды, дауыс бере алмаймын.
Өте кінәмшілмін-ау, соған қарағанда!

Нағашыбай Қабылбек 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.