Ақтөбеде «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» атты дастан жарыққа шықты

0
113
Бейсенбі, 26-қараша күні Ақтөбеде «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып, 500 данамен жарыққа шыққан жыр альбомының тұсаукесер рәсімі өтті. “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, есімі елге танылған бірқатар тарихшылар мен профессорлар қатысты.
Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, жырау Алмасбек Алматов, “Едіге батырды ” жырлаған жырау Қайролла Иманғалиевтің ұрпағы Қарақалпақстан елінен Нуридден Қайроллаев, және онлайн режимде Нұр-Сұлтан қаласынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Құл- Мұхаммед, Германия елінен шығыстанушы түркі халықтарының қаһармандық эпосын зерттеуші, профессор Карл Райхл, РФ У.Алиев атындағы Қарашай-Шеркес мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Насипхан Суюнова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тарихшы, драматург, профессор Әнес Сарай қатысты.
Олар видеобайланыс арқылы Едіге батыр жайындағы пікірлерін ортаға сала отырып,ұлттық өнерімізді жаңғыртуға қосқан үлесі үшін облыс әкімі Оңдасын Оразалинге алғыс білдірді.
“Едіге батыр – тарихи тұлға.Осы орайда бүгін орта ғасырдағы айбынды мемлекетіміз Алтын Орданың 750 жылдығына тұспа-тұс келіп отырған шараның да орны ерекше.
Алтын Орданың 750 жылдығы дегеніміздің өзі тарихты тану, батыр бабаларымызды ұлықтау және басқосудағы басты мақсатымыз Едіге батырды тұлғаландыру, тарихи орынын зерделеу”,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар, облыс әкімінің қолдауымен еліміздің әр өңірінен шыққан 40-там астам жыршы-жыраулардың орындауында дыбыстық жазбаға түсірілген 500 дана дастан жарыққа шықты. Екі бөліктен тұратын дастанда «Қырымның қырық батыры» және «Едіге батыр» туралы тарихи мәлімет, жырды бізге жеткізген жыраулар, еліміздің әр өңірінен сол мұраларды жырлаған жыршы-жыраулардың өмір-баяндары, қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударылған.
Аймақ басшысы алдағы уақытта да Едіге батыр мен оның ұрпақтарына қатысты қолға алған тың жобалар мен зерттеулердің бәрі табысты жүзеге аса беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімі конференция барысында тарихшылардың білдірген ұсыныстардың орындалуын қадағалауды орынбасары Мейрамбек Шермағанбетке тапсырды. Мәдени шара “Едіге деген ер екен” жыр кешімен қорытындыланды.

Ғани Жапишовтың ФБ парақшасынан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.