Елорданы цифрландырудың 6 бағыты іске асуда

0
245

       Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда елордамыз едәуір жетістікке жетіп отыр. Жұмысты ұйымдастыру шапшаң әрі қолайлы бола түсті. Нұр-Сұлтан қаласын «Ақылды қалаға» айналдыру үшін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 негізгі бағыт бойынша білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ТКШ және көлік саласын, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда басым жобалар іске асты. Қазірдің өзінде халық қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынаста заманауи IT-технология енгізудің оң әсерін сезініп отыр.

 

«Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы және бірыңғай платформа

Қазіргі жағдайда өмірлік қажетті процестер жұмыс істеуін жалғастыру үшін онлайн форматқа жедел көшу өте маңызды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының «Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Қасабек Ботагөз Әбдіхамитқызы «Заманауи IT-технологияларды енгізу арқылы қала өміріндегі көптеген маңызды мәселелер шешіледі. Бұл жерде цифрландыру негізгі рөлді жүзеге асырады, азаматтар қызметті жылдам, әрі оңай алатын болады. Сондай-ақ, барлық процестер оңтайландырылып, адамдар сауатты, әрі қатесіз дәл қызмет алуға мүмкіндігі артады. Болашаққа келетін болсақ, бастысы – адамгершілік технологиялар идеясымен инновацияларды енгізу, яғни құрылған құрылғылар мен платформалар, ең алдымен қоғамның, сосын әр пайдаланушының өмір сапасын жақсарту бірінші міндетіміз болып табылады. Мемлекеттік қызмет саласында, елордада 158 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшірілді. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру 2019 жылғы жағдай бойынша 73% болған. Қазірге дейін яғни 2020 жылы 97,5% цифрландыруға көшті» дейді ол.

Ол жыл соңына дейін 100% мемлекеттік қызметті автоматтандыру ісі жоспарда тұрғанын айтты. Цифрландыру басқармасының негізгі мақсаты бірыңғай экожүйені, ЖАО мен қала тұрғындары үшін бұлтты платформаны біріктіріп дамыту болып отыр. Әкімдік пен  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп, NS.GOV.KZ. мемлекеттік қызметтерді өңдеуге арналған бірыңғай платформа әзірлеу үстінде. Қазірге дейін, осы платформа базасында әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй саласындағы 11 қызмет электрондық форматқа көшірілді. Елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы аясында бейнебақылау камераларын қосымша орнату жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада қала халқының тығыз орналасқан аудандарында 1000 камера орнатылмақ. Бейнебақылау камераларымен тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және саябақ аймақтары қамтылады. Бұл ісіміз қаладағы қылмыс деңгейін төмендетуге және құқық қорғау органдарының жұмысын жақсартуға бағытталып отыр. Қазіргі уақытта жоба шеңберінде 4000 жалпы бейнебақылау камералары, қиылыстардағы 400 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендері, әр АӨК үшін 12 камера, барлығы 4800 камера, сызықтық учаскелер бойынша 300 АПК (әр АӨК-ке 4 камера, барлығы 1200 камера), меншік иелерінің 3000 камерасын біріктіру жүзеге асырылды. Бейне ағындар сауда және ойын-сауық орталығының, қару-жарақ дүкендерінің, қонақүйлердің, мемлекеттік мекемелердің өз камералар жалпы қалалық бейнебақылау жүйесіне қосылуда. Бұл жоба 100% ойдағыдай аяқталды десе болады.

 

Бейнежазба, геопортал және «iQala»

Цифрландыру басқармасының мәліметінше, жоба басталғаннан бері, яғни 2017 жылдан бастап ЖКО саны 43% (448-ден 285-ке дейін) азайды, қаза болғандар 55%, жарақат алғандар 36% (482-ден 320-ға дейін) азайғанын көрсетіп отыр. Елорда жолдарында адам өмірі мен оның қауіпсіздігін арттыру мақсатында бейнежазба функциясы көбейтілген. Мысалы, жүргізуші куәлігінен айырылған көлік иелерінің көлік нөмірі құралдар арқылы автоматы түрде  жүйеге енгізіледі. Егер жолдағы камералар тәртіп бұзған көліктерді анықтаса, онда олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі. Жүйенің мүмкіндіктері «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қарай, осындай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады. Осы тәсілмен екі аптадай  уақыт ішінде елордалық полиция қызметкерлері алкогольдік ішімдік  пен есірткі қолданған 108 көлік жүргізушісін жауапқа тартты. Олардың 9-ы бұрын жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғандар екен.

Бұл қыруар жұмыстар қаланы қауіпсіз және жайлы ету мақсатында жасалып отыр.   

Бұдан басқа сәулет, қала құрылысы басқармасы елордада геопортал (жердің электрондық картасы) құрады. Онда нақты керек болған уақытта адам жер учаскесі туралы оның кадастрлық нөмірінен бастап коммерциялық тиесіліне дейін білуге мүмкін болады. Мұндағы барлық функционал 2D (егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, функционалдық аймақтарға бөлу, жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектілері және т.б.); және үш өлшемді фотореалистік дерекқорға арналған 3D карталары бар геоақпараттық платформа түрінде жасалады.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағын цифрландыруда цифрлық мемлекеттік қызметтер көрсетуде, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде жер учаскелерін бөліп беруге мүмкіндік береді. Аталған қызметтердің бизнес-процестерін цифрландырудың арқасында қызмет көрсету уақыты бірнеше есе қысқартылды.  

ТКШ автоматтандыру бойынша 2019 жылы «iQala» кәсіпкерлерді қолдау қалалық орталығы іске қосылды. Бүгінде «iQala» орталығы www.iqala.kz сайтында «бір терезе» форматы бойынша тікелей 134-тен астам қызметті ұсынады. Жыл соңына дейін тағы 16 қызметті қосамыз.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік саласындағы қызметтерді цифрландыру бойынша «Нұр- Сұлтан қаласының интеллектуалды көлік жүйесі» (ITS) жобасы іске асырылуда. Ол келесі компоненттерді қамтиды:

  1. Бағдаршам объектілерін бейімдеп басқару.
  2. Қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі.
  3. Қоғамдық көлікті диспетчерлеу.

Жаңа шындықтар билеттеудің электрондық жүйесінің қажеттілігін көрсетті.

Жылжымалы құрамның 100% электрондық төлем жүйесімен жабдықталған.

Электрондық төлемнің үлесі 100% болып тұр.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлеңкелі айналымнан ақша қаражатының 40%-дан астамын шығаруға мүмкіндік берді.

 

ИННОВАЦИЯЛАР КӨШІ

«Цифрлы Қазақстан» порталында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін цифрлық сауаттылықты үйрету курстары басталды. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бейне сабақтары бар телеграм арнасы жұмыс істейді.

Инновациялар бойынша осы жылда Нұр-Сұлтандағы «Astana Innovations Challenge» аясында жасанды интеллект пен интернеттегі заттардың көмегімен медициналық технологияларды жетілдіруге арналған бірқатар іс-шаралар өтеді.

25-26 қараша күндері елордалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы, Astana Innovations пен Astana IT University бірлесіп алғашқы HealthTech & Well-being хакатонын өткізеді. Әзірлеушілер денсаулық сақтаудың жаңа технологияларын құру бойынша жұмыс істейді. Қатысушылар 28 қарашада өтетін буткемп кезінде жасалған әзірлемелерді одан әрі жетілдіре алады.

«Бір күндік буткемп кезінде хакатон шеңберінде қолданыстағы стартаптар мен жаңадан жасалған шешімдерді жетілдіре түседі. Іс-шара стартап индустриясындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар ұсынған тәлімгерлік және білім беру сессияларынан тұрады», – деп түсіндірді ұйымдастырушылар.

Қорытынды іс-шара 29 қарашада HealthTech және Well-being стартаптар байқауы кезінде өтеді. Онда денсаулық сақтау саласын өзгертетін және қазақстандықтардың өмірін жақсартатын елдің жетекші стартаптары біріктіріледі.

150-ге жуық қазақстандық әзірлеушілер, дизайнерлер, медицина мамандары және ғалымдар салауатты өмір салтын, соның ішінде COVID-19-бен байланысты мәселелерді шешудің тиімді жолдарын талқылайтын болады.

Атап айтқанда, алдағы «Astana Innovations Challenge» келесі шешімдерді іздестіру жұмыстары жоспарланған: ауруханалар үшін деректерді өңдеу; виртуалды медициналық көмекші; науқасты қашықтан тексеру; жедел жәрдемге арналған GPS мониторингі; медициналық және жедел байланысты жақсарту; спорттағы және салауатты өмір салтын сақтау саласындағы үлкен мәліметтер; жұмыста/күнделікті өмірде салауатты өмір салтына арналған шешімдер. Бүгінгі денсаулық сақтау саласындағы инновациялар бірқатар технологияларды қамтиды. Әдетте, медициналық мәліметтер қағаз түрінде болса да, ұзақ жылдар бойы жиналады және сақталады. Оларды цифрландыру «Электронды денсаулық» деп аталады. ОЛ пациенттер мен ауруханалардың көптеген мәліметтеріне аналитикалық және информатика әдістерін қолдануға жол ашады. Деректерді жинау жүйелерін біртіндеп стандарттауда инноваторлар денсаулық сақтау мен сауықтыру технологияларын басқарудың көптеген нұсқаларына ие.

Хакатонның жүлде қоры 1 600 000 теңгені, стартап-конкурс 1 000 000 теңгені құрайды.

 

STEM олимпиадалары

Сондай-ақ мектеп аудиториясына ерекше назар аударылады. Олар үшін техникалық білім беру саласындағы барлық соңғы жетістіктерді бойына сіңірген 5-10-сынып оқушылары арасында ғылыми-білімдік STEM олимпиадалары жыл сайын өткізіліп тұрады. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D модельдеу сияқты ғылымдардан тұрады.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қар полигондарына қарды тазалау және шығару бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Қазіргі уақытта қарды тазалау және шығаруда коммуналдық қызметтердің мониторингі бойынша орталық құрылды. «Sergek» AST жүйесіне қаланы тазалауға және қар полигондарына қарды шығаруға жұмылдырылған 356 бірлік арнайы техника енгізілді. «Сергек» камераларының арқасында бақылау мүмкіндігі пайда болды:

  1. Техника қозғалысының мониторингі.
  2. Уақытылы шығаруды бақылау.
  3. Техниканың маршрутта болуын бақылау.
  4. Орындалған жұмыстарды есепке алу.
  5. Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістер кезіндегі техниканы реттеу.
  6. Бұзушылықтарды тіркеу.
  7. Жылдамдық режимін бақылау.
  8. Маршрут кестесінің сақталуын бақылау.
  9. Техниканың қозғалысы бойынша деректерді беру мүмкіндігі.

(қала аумағында полигондар мен қар полигондарының орындарын мониторингілеу үшін бейнебақылау камераларын орнату үшін 56 орын анықталды).

Жүйенің тағы бір артықшылығы – қала бойынша арнайы техника колоннасының қозғалысымен бірге жүруге болады, сондай-ақ AST «Sergek» колонна және немесе арнайы техника қар тазалау бойынша бұрын жүріп өткен маршруттарды, колонна немесе арнайы техника осы көше бойынша бекітілген маршрутпен жүріп өткен-өтпегенін анықтауға болады (бұрын тазарту мониторингі физикалық демеу арқылы механикалық болған). GPS модулі. Бұл қосымша барлық арнайы қар тазалауға жұмылдырылған техникалар колоннаның жылжуын қадағалауға арналған. GPS модульден алынған ақпарат тікелей спутник арқылы мониторинг орталығына жіберіледі.

Сондай-ақ, қыркүйек айының соңында IT-саласын дамыту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен IT-кеңес құрылды. Оның міндеті – ыңғайлылықты, ашықтықты және транспаренттілікті ұсына отырып, цифрландыруға тартылған барлық тараптар үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау. IT-қоғамдастық шеңберінде қала тұрғындарының, бизнес-қоғамдастық пен ғылыми ортаның пікірін ескере отырып, қаланы цифрландырудың бірыңғай саясаты қалыптастырылатын болады.

«Біз әкімдікпен елорда тұрғындарына жұмыста пайда әкелетін жаңа ұсыныстарға ашықпыз және қуаныштымыз» дейді Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының баспасөз маманы Муксулова Аймира Абайқызы.

 

Дайындаған Зүбәйра Тілегенқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.