Жаңажылдық кеш орнына – қайырымдылық акциясы

0
163

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген қағиданы ұстанған батысқазақстандық мемлекеттік қызметкерлер жаңа жыл мерекесі қарсаңында ұжымдық қайырымдылық акциясын бастап кетті.

БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңажылдық ұжымдық кештер өткізуден бас тартқан мемлекеттік қызметкерлер осындай ұйғарымға келген. Орал қаласы мен аудандарда жалғасатын әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жәрдемдесу мақсатындағы қайырымдылық шарасында  аймақтағы 1100 шаңыраққа көмек көрсету жоспарланған. Мемлекеттік қызметкерлердің бастамасымен бастау алған акция аясында отбасыларға 14 млн. теңгеден астам қаражатқа алынған азық-түлік себеттері жеткізіледі.

Акцияға жергілікті атқарушы органдармен бірге облыстық, қалалық және аудандық басқармалардың, аумақтық департаменттер мен инспекциялардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де атсалысуда.

Тағы бір айта кетерлігі, қайырымдылық мақсаттағы азық-түлік себеттері жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен жасақталады.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Батыс Қазақстан облысы

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.