Енді қаладан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына депозит ашу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» арнайы барудың қажеті жоқ. Банк салымшылары тұрғын үй жинақтамасын пошта байланысы арқылы жүргізе алады. Ол үшін жергілікті “Қазпошта” бөлімшесіне жеке куәлікпен барып, өз есіп-шотына 15 мың теңге салса болғаны. Депозит ашу пайызсыз, тегін. Банк салымдары мен төлемдері де ақысыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазпошта» АҚ Қаржы қызметтер жөніндегі басқарушы директор Айнұр Күнқожаева мәлімдеді. — Республика бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 17 филиалы мен 15 қызмет көрсету орталығы және 150 кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Ал елімізде ең көп филиал желісі бар “Қазпошта” арқылы бұл мүмкіндіктер арта түсті. Бұл жоба банк қызметтерінің қолжетімділігін көрсетумен қатар, пошталық операторлар арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы көбірек ақпараттандыру деген сөз», — дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз