Жер жағдайының шындығын іздеген «Шындық экспедициясы» кеше жолға шықтық. Бүгін Кереку аймағында өз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. «Шындық экспедициясының» құрамы қазірше үш адам. Жетекшісі «Жер тағдыры» қоғамдық қозғалысының басшысы Қайырлы Омар, Мен-Айдын Егеубаев және астаналық белсенді Асхат Борумбаев. Жерге байланысты мәселе еліміздің 14 облысы, 160 ауданында да бар деп ойлаймыз. «Бұл жолғы экспедиция өз мүмкіндігіне қарай бірнеше облыстарды аралайды. Ертең немесе арғы күні нақты жүріп отыратын маршрутымызды жариялаймыз. Бүгін Керекудің белсенділерімен кездесіп, қарапайым шаруалардың жағдайымен танысудамыз.» – дейді Егеубаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз