Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Атлантикалық альянстың саммитінде америкалық әріптесі Джо Байденмен кездесуден кейін: «Біз АҚШ-пен жаңа дәуірдің есігін оң және сындарлы негізде аштық деп санаймыз. Байденмен келіссөзден, Америка Құрама Штаттарымен байланыстарымызды нығайта отырып, елге пайда әкелуге бел будық. Түркияның жалғыз талабы – әркімнің саяси және экономикалық егемендік құқықтарын құрметтеуі және оның шекарасындағы және одан тыс террористік ұйымдарға қарсы күресіне қолдау көрсету. Түркия АҚШ-пен одақтастық қатынастарды дамытуға дайын. Біз уақыт өте келе қос еллің келіспеушіліктерді жеңе алатынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді.  Екі ел басшыларының кездесуі АҚШ президенті Джо Байден ХХ ғасырдың басында Осман империясында ұйымдастырылған және жасалған этникалық армяндардың қырғынын ресми түрде геноцид деп танығаннан кейін орын алды. Осыған байланысты АҚШ-тың Анкарадағы елшісі Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, оған АҚШ президентінің мәлімдемесіне наразылық білдірілген-ді.

Дайындаған — Ермек Сахариев  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз