Фото ғаламтордан алынды

Аралас жекпе-жекте жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-5) UFC промоушендегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Лас-Вегастағы UFC 264 турнирінде (Невада, АҚШ) 32 жастағы Arlan MMA Pro Team командасынының өкілі америкалық Джером Ривераға қарағанда мықты болып шықты (10-6). Жекпе-жектің үшінші минутында тәжірибелі қазақстандық тұншықтыру әдісімен қарсыласын тізе бүктірді. Алғашқы бес минуттықта Ривера қарсыласын ұстап алу үшін бойының биіктігі мен аяғының ұзындығы сияқты артықшылықтарын пайдалануға тырысып, алғашқы бес минутты белсенді бастады. Джером бірнеше рет соққыларын дәл жеткізе алды. Бірақ Жалғас Сескенбей, бұған сериялық қарсы шабуылдармен жауап берді. Жұмағұлов тұншықтыру әдісімен UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жұмағұлов үшін бұл UFC-де көптен күткен жетістік. Бұл Ривераның лигадағы төртінші кездесуіндегі төртінші сәтсіздігі. Ал Жұмағұловтың мансабындағы алғашқы жеңісі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз