Фото ғаламтордан алынды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге Францияның Контрексвилл қаласында өткен Grand Est Open 88 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports. kz-ке сілтеме жасап. Қазақстандық-норвегиялық жұп финалда венгриялық Дальма Галфи мен бельгиялық Кимберли Циммерманды жеңді. 1 сағат 3 минутқа созылған кездесу 6:0, 1:6, 10:4 есебімен аяқталды. Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз