Биыл мыңға жуық мемлекеттiк қызметкер парамен ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа куә болғандар ол туралы Агенттiкке хабарлай алады деп, Үкiмет үйiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтты. Ал қоғам қайраткерi Тәңiрберген Бердоңғаров сыбайлас жемқорлыққа итермелейтiн факторларды атады. Оның айтуынша, жемқорлық жалақы аз болғанда, басшысы заңбұзушылық жасауға мәжбүрлегенде және адам жазадан қорықпай, құтылып кетемiн деп ойлағанда жасалады. «Сондықтан мемлекет жұмысты жақсы iстейтiндерге көбiрек жалақы төлейтiн болады. Осының арқасында мемлекеттiк қызметкер «жалақым көңiлiмнен шығады, сондықтан заңды бұзбаймын» деп ойлайтын болады. Жемқорлық жасағандарды Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi анықтайды. Осы мақсатта Агенттiк мобильдi қосымшаны iске қосып отыр», — дедi Бердоңғаров.
Қазiргi апараттық технология дамыған заманда кез келген заңбұзушылықты көрген адам оны гаджетке түсiрiп, Агенттiкке хабарлай алады. Айгүл Шайымованың мәлiметiнше, «Мемлекеттiк қызметтегi әдеп» деп аталатын мобильдi қосымшаны өткен жылғы күзде iске қосылғаннан бастап 50 мың адам жүктеп алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз