Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы пайдалануға берiлген кезден бастап 305 мың жолаушыға қызмет көрсеттi. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек айтты.
«Мемлекеттiк бағдарлама аясында салынған жаңа астаналық «Нұрлы жол» темiржол вокзалы пайдалануға берiлген кезден бастап 305 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеттi. Сонымен қатар, маусым айының басынан берi Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жаңа терминалы 19 шетелдiк әуе тасымалдаушының халықаралық рейстерiне қызмет көрсеттi. Биыл астаналық әуежайдағы жолаушылар ағынының өсiмi 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 19 пайызды немесе 1,8 млн. жолаушыны құрады. Жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берiлген күннен бастап халықаралық рейстердiң 227 мың жолаушысына қызмет көрсеттi», — дедi «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асуы туралы баяндаған Жеңіс Қасымбек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз