Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігі Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады. “Қазақстан Республикасы Корей Халық Демократиялық Республикасы 2017 жылдың 28 шілдесінде баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң сынға алады. Мұндай әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын бұзады, әлемге қауіп төндіреді, шығыс аймақта және бүкіл әлем бойынша жағдайды тұрақсыздандырады. КХДР-ның жауапсыз саясаты ядролық қару таратпаудың жаһандық процесіне кері әсер етеді. Осы себепті ҚХДР-ді өз елінің игілігі мен бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін ядролық амбициялардан бас тартуға шақырамыз”, — делінген хабарламада. ҚР СІМ өкілдері ҚХДР-дің зымыран және ядролық қауіптілігі келіссөздерді жандандыру арқылы өзара ұтымды шешім табуға итермелейтінін айтып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз