«Хабар» телеарнасына берген сұхбатында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақтың жаңа әліпбиін жасауды қолға алып отырмыз. Бұған дейін түріктің көне әліпбиі болды, одан кейін біздің бабаларымыз араб әліпбиін алып келді, Ахмет Байтұрсыновтың төте жазуын қолдандық, 40-шы жылға дейін латын әліпбиі болды, содан кейін кириллицаға көштік. Енді қайта латын әліпбиіне өткелі отырмыз. Алайда бұл кириллицадан басқа жаққа кетіп қалайық деген саясаттан шығып отырған жоқ. Қазіргі әліпбиімізге қазақ тілінің грамматикасы мен стилистикасына қажетсіз әріптер енгізілген. Мысалы, қазақта щ, я деген дыбыс жоқ. Японияны Жапония дейміз біз. Айыру, жіңішкелік белгісі, ч, ц деген жоқ. Оның барлығы қазіргі әліпбиімізде тұр. Пайдаланылмайды, пайдаланылса, тілімізді бұзып жібереді. Сондықтан жаңа әліпбиді қазақ тілінің грамматикасы мен стилистикасын ескере отырып жасау керек», — деп түсіндірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз