«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі: «Үкімет төлқұжатында қазақстандық виза қойылған шетелдіктер үшін көші-қон карталарын алып тастау туралы ұсынысты қолдады», — деп мәлімдеді. Аталмыш партия маусым айының соңында Қазақстанға келетін шетелдік инвесторлар мен мамандар үшін бюрократияны қысқартуды ұсынған болатын. Сонда депутаттар қолданыстағы ережелер инвестициялық жобалар мен жаңа кәсіпорындарды іске қосқан кезде кедергі болып отырғанын айтып: «Виза бола тұра шетелдіктерді көші-қон ережесін бұзғаны үшін жазалаған мысалдар бар. Құжаттарды рәсімдеу бойынша ұзақ процестерден кейін шетелдік мамандар келешекте Қазақстанға оралғысы келмейді», — деп атап өткентұғын. Осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметі партия сауалына арнайы жауап берді. Үкімет басшысының «Ақ жолға» берген жауабында: «Дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін ескере келе, Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат беретін виза болған жағдайда көші-қон карталарын толтыруды алып тастау туралы ұсынысты қолдаймыз», — деп жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз