top news on a newspaper page

*EXPO көрмесi кезiнде Астанаға 3 миллион турист келдi.

*Астана мешіттері 800 баланы мектепке дайындады.

*Димаш Құдайбергенов бір күнде «Астана дауысы» және «Asian New music» фестивальдерінің жүлдесін иеленді.

* Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңға егу мәселесін енгізу қарастырылуда. Жаңа заң жобасына сәйкес, жұқпалы дерттер мен паразиттерге қарсы егуден бас тарту әрекеттері үшін азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін.

* Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов: «Жастарды бағасы жағынан қолжетімді арендалық баспанамен қамтамасыз ету бойынша жаңа ауқымды шараны бастаймыз. Әлеуметтік уақытша баспана «Жас отау» бағдарламасы және «2017-2020 жылдарға арналған Жастарды қолдау жол картасы» аясында тұрғызылады. Жатақханалар тек қана студенттерге, жастар мен 35 жастан аспаған отбасыларға арналған», — дейді.

*Америкалық ковбойлар: «Біз АҚШ-та Көкпар федерациясын құру жұмысын жүзеге асырып жатырмыз. Әзірге не федерациямыз, не қауымдастығымыз жоқ. Десе де, мемлекет тарапынан бізге айтарлықтай көмек беріліп отыр. Келешекте біз спорттың осы түрін АҚШ-та дамытқымыз келеді», — дейді.

*ЭКСПО — 2017 көрмесінде ШЫҰ-ның павильоны серіктестерімен бірлесіп жаса-ған қайырымдылық акциясы аясында қытайлық кәсіпкер әйелдер әлеуметтік жағынан аз қамтылған қазақстан-дық отбасындағы ба-лаларға көмек көр-сетіп, 125 балаға бағалы сыйлықтар табыстады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз