Алмалыдан алар үлгі көп

2017 жылдың 1 жартыжыл-дығында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке 182,8 млрд. теңге сомасында салық түсімі қамтамасыз етілді. Оның ішінде: республикалық бюджет — 101,6 млрд. теңге, жергілікті бюджет — 81,2 млрд. теңге.

Өндіріс саласы:
Өнеркәсіп өнімінің шығарылым көлемі 65,5 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың кезеңіне сәйкес өнім көлемінің физикалық индексі 105,1 %. Аудан бойынша негізгі капиталға 36,7 млрд. теңге инвестиция игерілді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 139 % құрады. Орташа айлық жалақы 171 191 теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,1 % құрады. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасына аудан бойынша 12 кәсіпорын қатысты. Оның ішінде субсидияландыру бойынша — 8 жоба, жалпы сомасы 1,4 млрд. теңге, субсидия сомасы — 339,3 млн. теңге, 4 кәсіпорын — кепілдік бойынша, жалпы сомасы — 296 млн. теңге. «Жібек жолы» бағдарламасы бойынша 16 кәсіпкер жалпы сомасы 868 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. «2015-2019 жж. индустрияландыру Картасының» екінші бесжылдығы аясында 3 компания қатысуда, инвестиция көлемі — 7,3 млрд. теңге. Оған:
1) «Алматы ашытқы зауыты» АҚ «Негізгі өндірісті жаңғырту» жобасы бойынша қатысуда. Инвестиция көлемі — 240 млн. теңге.
2) «Металл пром» АҚ «Жаңа желілердің құрылысы, негізгі өндіріс жаңғырту» жобасы бойынша қатысуда. Инвестиция көлемі — 7 млрд. теңге. Мемлекеттік қолдау аясында Алатау ауданындағы Өндірістік аймақтан жер бөлінген.
3) «Корпорация Сайман» ЖШС «Өлшеу жабдықтары зауытының өндірісін жаңғырту» жобасы бойынша қатысуда. Инвестиция көлемі — 83 млн. теңге. Мемлекеттік қолдау аясында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағынан жер телімі бөлінді. Ауданда 26 616 шағын бизнес субъектілері тіркелген. Орта және шағын бизнес субъектілерінен түскен салық түсімінің үлесі жалпы сомада 60% құрады.
Бірінші жартыжылдықта 2336 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде сауда кәсіпорындарында — 732, өнеркәсіпте — 51, құрылыста — 63, көлік және байланыс кәсіпорындарында — 50, білім мекемелерінде — 42, денсаулық сақтау мекемелерінде — 22, басқа мекемелерде — 1376.
Алматы қаласындағы азық-түлік белдеуін дамыту және де тұрғындарды арзан, сапалы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында Жібек жолы көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесі мен Желтоқсан көшесінің аралығында ауылшаруашылық өнімдерін сату бойынша апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Алматы облысының Қарасай ауданынан 140-дан астам шаруа қожалықтары қатысуда.

Көріктендіру, құрылыс,
санитарлық жағдай:
Дат сәулетшісі Ян Гейлдың жобасы бойынша Жібек жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаңын жаяу жүргіншілер аймағына айналдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Биокомбинат», «Қарағайлы» ты-нымбақтарында және Қарасай батыр, Дүйсенов көшелеріндегі 2 жаяу жүргіншілер аймақтарында ағымдағы жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 797 көшет, жалпы ауданы 6 595 м2 жерге гүлдер егілді, сондай-ақ заңды тұлғалардың күшімен Абылай хан даңғылының бойымен Бөгенбай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін көгалдандыру және гүлмен безендіру жұмыстары жүргізілді. «Сиреньевый» тынымбағында көгалдандыру жүргізілді.
Мердігер мекемелердің күшімен 44 апатты және ескі ағаш жойылып, 480 ағаш санитарлық қырқылып, 1306 ағашты формалық қалыпқа келтіру жұмыстары жасалды.
Ұзындығы 3,282 шақырым 5 көшеде орташа жөндеу, 12 учаскеде жаяу жүргіншілер жолын орташа жөндеу және 50 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Алматы қаласы Табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Алмалы ауданының аумағында 7,8 шақырым арық жүйелерін қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында екі мекенжай бойынша балалар ойын алаңы салынды. Атап айтқанда: Қазыбек би және Шагабутдинов көшелерінің қиылысы, Розыбакиев және Жамбыл көшелерінің қиылысы. Аудан аумағында бекітілген кестеге сәйкес күнделікті тұрақты түрде 186,8 км. көше, 212,2 км. жаяу жүргінші жолы, 173,2 км. арық жүйелері тазартылып тұрды. Аудан бойынша 274 контейнер алаңшасы бар. Қазіргі кезде 203 контейнер алаңшасында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Коммуналды шаруашылық:
Ауданда 1 409 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындардың жеке қаражаттары есебінен тұрғын үйлердің 94 кіреберісі, 7 қасбеті, 11 400 м2 шатырлары жөнделді. Кондоминиум нысандарын құру бойынша жұмыстары негізінде қазіргі уақытта 481 кондоминиум нысаны құрылды. Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын үйлерде 557 жалпыүйлік жылу есептеу құрылғылары орнатылды. Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ұзындығы 10490 м. сумен жабдықтау және кәріз желісін қалпына келтіру, 19430 м. жылу желілерін қайта құру және мерзімі аяқталған кабель желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасына қатысу үшін 15 көпқабатты тұрғын үй 358 млн. теңге сомасына өтініш берді. Бөлінген бюджет қаражаты аясында жыл соңына дейін аудан аумағындағы 80 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, сонымен қатар аула аумақтарында 37 футбол және баскетбол алаңшаларын орнату қарастырылған. Аудан аумағында 133 ескірген апаттық үйлер бар, оларды бұзу және орнына тұрғын үйлер салу бойынша инвесторлар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағында «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС, «Диал-Строй» ЖШС, «RD ARS» ЖШС, «MegaBuildKazakhstan» ЖШС инвестор-компаниялары 59 ескірген апаттық үйді бұзу және орнына тұрғын үйлер салуды жоспарлауда.

Әлеуметтік сала,
жұмыспен қамту:
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы және Алматы қаласын дамыту бағдарламасы бойынша 964 адам жұмысқа орналастырылды, мемлекеттік қолдаусыз 912 адам жұмысқа тұрғызылды. Жастар тәжірибесіне 45, әлеуметтік жұмыс орындарына 40 адам жолдама алды. Аз қамтамасыз етілген 2 отбасына әлеуметтік көмек, 45 отбасына (114 бала) балаларға арналған жәрдемақы, 52 мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға көмек, 252 адамға 7,5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі көмек, 164 адамға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде су есептегіш құралдарын орнатуға арналған әлеуметтік көмек көрсетілді. Жеңіс күнін мерекелеу аясында 8 мыңнан астам ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері мен қарттардың қатысуымен 150 іс-шара өткізілді.

Білім беру:
Ауданда жалпы саны 26 960 оқушыны қамтитын 38 мектеп, оның ішінде 9 жекеменшік мектеп бар. 2016-2017 оқу жылында аудан мектептерінің 11 сыныбын 1150 түлек тамамдады. Ауданның орташа балы 108 балды құрап, қала бойынша алдыңғы орынға шықты. Ауданда 6863 бала тәрбиеленетін 26 мемлекеттік және 12 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Жыл басынан 4 жаңа шағын орталық ашылды. Атап айтқанда: «Мастерская детства», «Бегемотик», «Интеллект» білім беру орталығы, «Лунтик» шығармашылық және дамыту балалар клубы.

Денсаулық сақтау:
Аудан аумағында 17 мемлекеттік, 9 республикалық медицина мекемесі мен 287 жекеменшік емдеу-сауықтыру мекемесі жұмыс жасайды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде денсаулық сақтау саласында оң көрсеткіштер байқалуда.
Бірінші жартыжылдықта 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 95 іс-шара ұйымдастырылды.

Алмалы ауданы әкімінің аппараты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз