4-9 қыркүйек аралығында Мәскеуде ірі қалалардың екінші халықаралық олимпиадасы өтті.   Интеллектуалды жарысқа әлемнің 36 елінен келген білімділер қатысты. Жалпыкомандалық есепте Астана командасы үшінші орынға ие болды. Оқушылар химия, математика, физика және информатика сынды пәндерден өзара сынға түсті.  Астана командасы сапында қаланың түрлі мектептерінен 8 оқушы қатысты. Құрама команданың қоржынында 6 қола медаль бар. Данат Дүйсенбеков (математика), Аян Дәулетияров (математика), Әмірхан Байлин (физика), Арлан Қалин (физика), Дияр Ермек (информатика), Дәнел Батырбек (информатика), Азат Жоламанов (химия) және Нұржан Нұртаев (химия) марапатқа ие болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз