Қызылорда облысының Арал ауданында жылына 4 миллион кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Базарбай Пірманов: «Жаңа Арал» серіктестігі қолға алған жаңа өндіріс индустриялық аймақта орналасқан. Кірпіш өндіру жобасының құны 131,5 миллион теңге. Зауыт тамыз айынан бері жұмыс істеуде. Жаңа жоба аудан экономикасының дамуына, халқының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймыз»,— дейді. «Қаптама кірпіш өндіру» жобасының бастамашысы, кәсіпкер Мейрамбек Жұмашев болса: «Зауыттың жылына 4 миллион кірпіш шығаратын қауқары бар. Өндіріс қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда өндірісте 10 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмысшылардың санын арттыру көзделген. Зауытта кірпіштің барлық түрін өндіреміз. Тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыруға шамамыз жетеді. Шығарылған кірпіштер бүгінде көршілес аудандарға, әсіресе, Қазалы ауданына және Қызылорда қаласына жөнелтілуде», — дейді мақтанышын жасыра алмай.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз