Тіл. Үш-ақ әріптен тұратын бұл сөздің ар жағында бүкіл бір халықтың тағдыры тұрғаны анық. Тілінен айырылса дінінен де айырылады, елдігінен, егемендігінен жалпы айтқанда сол мемлекет құрдымға кетеді. Сондықтан да ел болып тілімізді құрмет тұтқанымыз абзал.


Тіл мерекесіне орай, Алматы қаласындағы №143 мектептің ұйымдастыруымен «Тіл – халықтың жаны» атты кеш өтті. «Жүрегім қазақ» әнімен Адилбеков Жасұлан, М.Шаханов өлеңімен Талғат Аружан, Абдахамитов Ислам әнімен, Сагындыкова Гульнара «Ана тілі» өлеңімен, Айдынова Балауса өз шығармаларын оқыды.
Секен Тұрысбековтің “Көңіл толқыны” күйін оқушы Бағдатов Алмат нақышына келтіре орындап шықты.
Шараның құрметті қонағы ретінде «Қазақстан ZAMAN» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Ертай Айғалиұлы және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №30 балалар кітапханасының кітапханашысы Сатылғанова Шырын Жұмақұлқызы қатысты.
Ертай Айғалиұлы балалармен ашық әңгімелесіп, олардың қойған түрлі сұрақтарына жауап берді. Балалық шағынан бастап осы күнгі жетістіктеріне дейін сыр шерткен Ертай Айғалиұлы шара соңында халық әні «Дударайды» да орындап берді.
№142 жалпы білім беретін мектептің директоры Қуатова Ақылсара Мергенбайқызы, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ағыбаева Салтанат Ақылбекқызы , қазақ тілінің әдістеме бірлестік жетекшісі Ізбасова Роза, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Қожабекова Жаңыл, Нысанова Лайла, Абишева Дина, Керімова Гүлғайша ханымдар тіл мерекесіне орай ұйымдастырған кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырыпты. Кездесу бір сөзбен айтқанда, айтушысы мен тыңдарманы үйлескен, көңілге жағымды керемет кеш болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз