Астанада өткен 16-ы ERRA конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин: «2018 жылдан бастап Қазақстанда тарифтер қымбаттайды. Оны жаңа жылдан бастап ұзақ мерзімді тарифтік жоспар бойынша көтеріп жатырмыз, бірақ, көп көтрілмейді. Осылайша біз ұзақ мерзімді тарифтерге көштік. Бәрі инфляцияға байланысты. Инфляция көлемі 1 пайыздан аспайды. Тұрғын үй-комуналды шаруашылық жүйесін жаңғырту бірінші жылу энергетикасымен байланысты, ал теміржол саласы — ҚТЖ-да екі жылдан бері жүріп жатыр. ҚТЖ-ның инвестициялық бағларламасы — 500 млрд теңге. Дәстүрлі электр станциялары өндіретін энергияны арзандату туралы президент тапсырмасы бар. ЖЭС-1, ЖЭС-2 секілді базалық станцияларды айтып отмын. Мұнымен Энергетика министрлігі айналысып жатыр. Инфляцияның көтерілуін антимонополиялық комитет толық бақылауына алып отыр. Жыл сайын антимонополиялық тексерістер жүргізіліп, бағаны асыра көтергендерді жазалап отырады. Антимонополия коммитеті стандартты жұмыстар жүргізіп жатыр»,— деп мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз