Аталған сауалға арнайы брифингте жауап берген ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов: «Өткен аптада бензиннің бағасы 2-3 теңгеге өсті. Себебі біз 30 пайызға дейін бензинді Ресейден алып келеміз. Қазіргі таңда бағаны салыстырмалы түрде салыстырсақ, шекарада бензиннің бағасы осы қаңтар айында 505 доллар болса, қазіргі таңда 550 долларға дейін өсті. Сондықтан бензинді Ресей Федерациясынан алып келетін біздің компаниялар осы жақта бензиннің бағасын өсірді. Қазіргі таңда бензиннің бағасы қалай өзгеретінін айту қиын. Өйткені, ол, біріншіден, шекарадан алынатын бензиннің бағасына байланысты. Екіншіден, теңгенің долларға шаққандағы бағасына байланысты. Ал жылдың басында теңгенің бағамы салыстырмалы түрде (біздің теңге) құнсызданды. Сондықтан біз Ресеймен келісім жасағанда теңгемен сататын баға өзгерді», — деді. 2017 жылдың қыркүйек айының басында елімізде бензин бірден 2-3 теңгеге қымбаттаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз