Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа халықаралық әуежайдың қазіргі жағдайы жөнінде баяндалып, оны одан әрі дамыту жоспары ұсынылды. Содан соң Елбасымыз Алматыдағы «Қайрат» футбол клубының спорт базасына барды. Сондай-ақ, Елбасына Алматы қаласындағы орталық стадионды жаңғырту тұжырымдамасы және мегаполисте жеңіл атлетика спортының инфрақұрылымын дамыту жоспары таныстырылды. «Қайрат» футбол клубының академиясында оқып жатқан жас спортшылармен әңгімелесіп, олардың спорттағы және оқудағы жетістіктері жөнінде сұраған мемлекет басшысы: «Елімізде спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан ең жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстарда керемет нәтижелер көрсетуде. Бізде бокс, күрес, жүзу, жеңіл атлетика және спорттың басқа да түрлерінен олимпиада жеңімпаздары бар. Еліміздің барлық өңірінде стадиондар кешенді қайта жөндеуден өткізіліп, мемлекет тарапынан футболды дамыту үшін жүйелі қолдау көрсетіліп жатыр», — дей келіп, кездесу соңында жас спортшыларға зор денсаулық тілеп, жарқын жеңістерге жетулеріне ниеттестік білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз